Ерманов-Тұрлыхановтар әулеті жұлдызды құдасын сый-сияпатпен шығарып салды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесусты Қазақстанның ең беделді құдасы десек артық айтпайтын шығармыз. Оның ықпалы әсіресе пандемия жылдары артты. Әлем Тедрос Гебрейесус тағы қандай карантиндік шаралар туралы айтар екен деп дүрлігіп отырғанда ДДСҰ бас директоры Қазнетті қазақша құттықтауымен таңғалдырды.

2021 жылы желтоқсанның басында өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында Гебрейесус қазақша шапан киіп, қазақ ақыны, еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманды туған күнімен құттықтап, қазақша өлең жолдады.

Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын, өміріңіз ұзақ болсын, құдалағымыз мәңгілік болсын!,

деп тілек тіледі Гебрейесус.

Коронавирустан есін енді-енді жиып келе жатқан жұрт, беделді ұйым төрағасының бұл қылығын түсінбей дал болды.

Мыңжылдық құдалар

Кейін белгілі болғандай, ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус пен Жүрсін Ерманды құдалық қарым-қатынастар байланыстырады екен. Бұл туралы Жүрсін Ерманның өзі бірқатар басылымға айтып берді.

Менің екі қызым бар. Кіші қызым Ардақ Алматыда тұрады. Соның Айдана деген қызы бар. Яғни, жиен немерем. Біз оны бала кезінен тіл үйрену үшін Жаңа Зеландияға мектепке бердік. Мектепті сол жақта бітіріп, Швейцариядағы қонақ үй бизнесі бойынша академияға оқуға түсті. Оны тәмамдаған соң Испанияда бір жыл магистратурада оқыды. Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істеді. Сол жиенім төрт жыл бұрын ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Гебрейесустың үлкен баласы Оманмен танысып, соған тұрмысқа шықты. Күйеубала – отбасында бес ұлдың үлкені,

деп Жүрсін Ерман мән-жайды түсіндірді.

Оның айтуынша, Гебрейсустың отбасы қыздарына қазақ салтымен құда түсіп, сырға салған. Өз кезегінде, Ерман отбасы қазақи сән-салтанатпен той жасап, ұзатқан. Қазірде Оман мен Айдана Женевада атасымен бірге тұрады.

Алайда, Жүрсін Ерман ДДС ұйым басшысының тағы бір жұлдызды құдасы Дәулет Тұрлыханов екенін жасырып қалған.

Белгілі болғандай, жиені Айдана грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыханов пен Жүрсін Ерманның қызы Ардақтың ортақ қызы. Олардың үлкен ұлы Ерасыл Болат дзюдо күресінен спорт шебері. Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы.

Тедрос Гибрейсустың құттықтауынан кейін Қазнет шулап жатқанда Ерасыл Болат бұдан сенсация немесе жаңалық қылудың еш мәні жоқ деп ашуға булықты.

Біздің халық сынықтан сылтау іздеп отырады. Қуанышқа ортақтасуды білмейді. Менің туған қарындасым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына келін болып отыр. Бұл шынайы махаббат. Бұдан сенсация іздеудің қажеті жоқ,

деді Ерасыл Болат Stan.kz басылымына.

Әрине, жұрттың пікірі сан-саққа бөлінді. Бірі қыздың бақытты болуын тілесе, басқалары қазақ қоғам қайраткері қызын шетелдікке беріп жатса басқамыз не айта аламыз десті. Даттағандар да, қолдағандар да табылды. Дегенмен, ақын бұл оның бір әттеген-айы екенін жасырмады.

Қызымызды сыйлағаны үшін қазақша сөйлеп отыр

Қазақ ақыны Nege.kz басылымына берген сұқбатында шын мәнінде қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуын қолдамайтынын айтқан. Алайда 8-сыныптан бері сыртта жүрген қызына ештеңе дей алмаған.

Тәрбиесі еуропалық болып кетті. Алайда, өзі күй тартады. Жаңа Зеландияға домбырасын алып кетті. Қызым қазақы, қазақша сөйлейді. Атасын да қазақша сайратып отыр ғой. Сол қызым үшін, бізді сыйлағаны үшін қазақша сөйлеп жатыр. Өзім де талай рет барып келдім. Немерем бақытты. Немерем тұрмақ, мен де бақыттымын. Атасын қазақша сөйлеткеніне ризамын. Ол көшедегі біреуге тиіп кеткен жоқ. Үлкен тұлғаның баласына тұрмысқа шықты. Жақсы тұрып жатыр. Басқа не айтамын?,

деді Ерман.

Ал жыл аяғында Жүрсін Ерманның жиені Гебрейсустер әулетін одан бетер қуантып қойды. Айдана дүниеге ұл бала әкелді. Бұл Оман мен Айдананың отбасындағы екінші бала — тұңғыштары Ния Ботагөз есімді қыз.

Қазақша үйреніп жүрмін

Араға жыл салып Тедрос Адханом Гебрейесусты бейресми сапармен Алматыға, құдаларына келді. Осы сапары барысында Гебрейсус Алматы әкімі Ерболат Досаевпен, ғалым Төрегелді Шармановпен, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятпен кездесті.

Сурет: Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметінен

Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстанның жетекші медициналық университеті — Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне (ҚазҰМУ) барған. ҚазҰМУ профессорларымен кездесіп, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді.

Мен осы сапарға дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға да бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. 2017 жылы қазақ отбасына құда болдым. Мен өте қуаныштымын. Бұл елде менің Даулет Турлыханов есімді құдам бар, ол белгілі айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның күйеу баласы. Бұл енді Қазақстан меніңде шаңырағым екенін білдіреді. Мен мұнымен мақтанамын. Айтпақшы, немерем менімен жақында қазақша сөйлесетін болады, сондықтан мен қазақ тілін үйреніп жүрмін,

деді ол ҚазҰМУ-де Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде.

Ал осы маңызды кездесулерден кейін Гебрейесусты құдалары қонақ қылды. Бас директоры Тедрос Адханомды ерекше сый құрметпен қарсы алып, тұлпар мінгізіп, шапан жапты. Әлеуметтік желілерде ДДСҰ басшысының атқа отырып, дастархан басында сөз сөйлеген видеосы пайда болды. Видеоға жазылған пікірлерде көбі ДДСҰ басшысын қоса алғанда дүйім жұрт маскасыз жүргенін сынады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

23 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago