Categories: Қоғам

Қызы түрікке тиіп, ұлы орыстан қатын алып кетсе, саф қазақ қайда қалады?

«Түрік жігіттері аңғал, көнбіс, бойшаң, сұлу, қазанын көтеріп, табағын тарта кететін Орта Азия қыздарына құмар! Былайша айтқанда, қатын емес, күң іздейді», — деп сендіреді блогер Қастай Дастан. Ол Түркияда оқуы кезінде байқағанынша, қазақ қыздарының көбі түрік не арабқа тұрмысқа шығып, шетелде қалып қалуға тырысады.

Сұлу сөзбен, жақсы мүлікпен арбап алған. Себебі, кез келген түрік, еуропалық не араб Орта Азиядан, Қазақстаннан қыз алғысы келеді. Біздің қыздар — көнбіс, аңғал, өз құқығын жіті білмейді. Өздері талай айтқан. Түрік қыздары тамақ жасау, үй күтімі мен балаға қарауға келгенде — сараң. Жұмысқа шығып, еркектің тірлігіне араласып отырады. Байына тиісіп, берекесін кетіреді. Бірден бөлек шығады. Артық туысқанды, келімді-кетімді кісіні ұнатпайды. Сол үшін Түркияда аралас неке өте көп,

дейді Дастан Қастай.

Дастан оқу барысында көптеген өзге ұлт өкілдерімен сөйлесіп, дәмдес болған. Бойдақ жігіттер Дастанды бірден жақсы қазақ қызымен таныстыруға қолқа салады екен. Көбінің айтатыны: Орта Азиядан шыққан қыздар түрік қыздарға қарағанда шаруаға икемді. Ал түрік қыздарымен әңгімелері бірден жараспайтын көрінеді.

Дастанның пікірінше, қазір әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдерімен отау құрғандарымен мақтанып, қазақ жігіттерін күстаналайтын контент өте көп. Мұның себебі — қазақ қызын оқытып, білім беруге тырысып жүріп, ұлын әке-шешесіне қарайласады деп үйдің жайына ерте араластырып, біліміне жете мән бермейді. Ер бала ата-анасының жайын, туған-туысты ойлап, үй төңірегінен алыстай алмайды. Дегенмен, қазақ жігіттерінің адамдығы басым, еңбекқор, ешкімді өтірік алдып-арбамайды, тік мінезді.

Қыздар әлеуметтік тұрмыс деңгейінің кесірінен білімін дұрыс ала алмаған жігітті қайтсін? Дүние-мүлкіңе де құмартып тұратындары шықты сосын. Ең жақсы вариант — шетел асу.

Бірнәрсе десең, таңдауына құрмет көрсет дейтін болды қазір. Таңдаудың түр-түріне бармай-ақ саналы туып, саналы өмір сүруге болады,

дейді блогер.

Текті деп тепсініп шығатынымызды осындайда көрсетуіміз керек,

Дастанның пікірінше, өзге ұлтпен қыз алысып, қыз берісуің үшін, саның, тегің, болмысың да бара-бар болуы тиіс. Әр қазақ өз ұрпағына, тегіне алаңдаулы болғаны ләзім. Себебі біз аз ұлтпыз.

Біз аз ғана ұлтпыз ғой, бәріміз желпілдеп, қызы түрікке тиіп, ұлы орыстан қатын алып кетсе, саф қазақ қайда қалады,

деп сұрақ қояды Қастай.

Осылай дей келе Дастан қазақтың жігіттерін төмендете бермеуге, қазақ жігітіне тіреу, сүйеу болуға шақырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago