Categories: Қоғам

Есіміңізді құжат жүзінде өзгертуге болатынын білесіз бе?

Электрондық үкімет сайтында азамат атын қалай өзгертуге болатынын, қайда жүгіну керегін және ол үшін қандай құжаттар қажет екенін сұраған.

Әділет министрлігінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске сәйкес 16 жасқа толып, атын немесе тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша аты, әкесінің аты, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді.

Аты, әкесінің аты, тегін өзгерту мынадай дәлелді себептермен жүргізіледі:

  • Ерсі есім;
  • Аты-жөнін айтудың қиындығы;
  • Жұбайының тегін алу;
  • Некені бұзу кезінде немесе жұбайы көз жұмғанда және өз қалауымен өз тегіне ауысу;
  • алдыңғы некедегі балалармен ортақ фамилияны алып жүруге деген ұмтылыс;
  • Ата-анасының ұлты әртүрлі болған кезде өзіне сәйкес келетін аты мен тегін алып жүруге тілек білдіру;
  • Құжаттағы атаудан бөлек, өмірде қалыптасқан есімге ауысу;
  • Ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есіміне ауысу;
  • Іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегін алу;
  • Хирургиялық жолмен жынысын өзгерткен кезде.

Атын өзгерту үшін АХАТ кез келген бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына растайтын құжаттармен жүгіну қажет.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago