«Ұятсыз» қазақ фильмдерін тыю керек – Асанәлі Әшімов

ҚР Парламенті Сенатында отандық кинолардағы төсек қатынасын көрсетуді тыю мәселесі талқыланды. «Мәдениет туралы» заң жобасын талқылауға қатысқан атақты актер Асанәлі Әшімов көркем фильмдердегі жыныстық қатынас жайлы қойылымдарға қарсы шықты.

Халық әртісі тіпті, ер мен әйелдің арасындағы анайы байланысты ашық көрсеткен режиссерлерді заңмен жазалауды ұсынды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал, депутаттар фонограммамен ән салып, жұртты алдап жүрген әншілерді де жауапқа тартуды сұрап отыр.

Қазақ киносының ақсақалы Асанәлі Әшімов соңғы кезде отбасымен бірге отырып отандық киноны көруден қалыпты. Өйткені, төсекте алысқан ер мен әйелдің жыныстық қатынасы ашық насихатталатын болған. Әйгілі актер бұл арсыздықты тоқтату үшін сенаторлардан араша сұрап отыр.

Сондықтан Әшімов сексті көрсетуге заңмен тыйым салу керек дейді.

Қызды айналдыру – өнер, төсекке жату – өмір. Режиссерлар соның ортасын көрсетеді. Ағайындарыңмен көріп отырып ыңғайсыз жағдайға қаласың. Осыны заңмен тыйсақ жақсы болар еді,

дейді Асанәлі Әшімов.

Сонымен қатар, жаңа заң бойынша, енді режиссерлер өзі түсірген әр фильмнің мазмұнына басымен жауап береді. Және олардан киноға кәсіби актерлерді шақыру да талап етілмек.

Соңғы уақытта ашық түсірілетін фильмдер мен сериалдар қатары артты. Теледидардан көрсетілмесе, ғаламтор арқылы көруге еш тыйым салынбаған. Ал қазақтың менталитетіне сай келе бермейтін «тым ашық» кадрлары бар фильмдер қазақ қоғамы үшін ерсі көрінетіні сөзсіз. Тақырыпқа сай ең «ұятсыз» фильмдер тізімін жасадық. Алдын ала кешірім сұраймыз.

  • Охотник (2004)
  • Қайрат-чемпион. Девственник №1 (2009)
  • Шу-Чу (2009)
  • Келін (2009)
  • Теряя невинность в Алма-Ате (2011)
  • Тоқал (2016)
  • Она (2017)
  • Золотая Орда (2018)
  • Рауза (2019)
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

20 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

20 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

21 час ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago