Депутат Елнұр Бейсенбаев Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың жұмысын сынап, медицина саласына 3 деген баға берді. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.
Байлар Қазақстанда емделмейтін, кедейлерді емдей алмайтын жағдайға жеттік. Жергілікті әкімдіктер күнделікті мәдени шараларға, ескерткіш ашуға келген кезде миллиондап қаражат табады. Ал халықты, ауылдағы азаматтарды емдеуге келген кезде…
Маңғыстау облысындағы жедел-жәрдемнің әлі күнге дейін арендаторлық жерде отыру мәселесіне келгенде жергілікті әкімдіктерде қаржы табылмай қалады. Әкімдіктер, жергілікті медицина мәселесін шешуде 10 баллдық есеппен алатын болсақ, сіз олардың жұмысына қанша балл бересіз? Облыс әкімдерінің жұмысына қандай баға бересіз? Айтыңызшы ? Мен мысалы оларға 3 деген баға қояр едім. Сіз неше деген баға қоясыз?,
деп сұрады депутат министрден.
Ажар Ғиният депутаттың сөздеріне ренішін білдіріп, жағдайдың мүлдем ондай еместігін алға тартты.
Менің әкімдіктерге баға беретін құзіретім жоқ. Сізді құрметтеймін, дегенмен сөздеріңізге келісе алмаймын. Халықты емдемейді, медицина сенімсіз деп осы жерде отырғандардың көбісінің дәрігерлерге барып, ем алып жүргендерін білемін. Барлық халықтың атынан олай айтпаған жөн,
деп тіл қатты министр.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…