Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар
Қоғам

«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 04.12.2023
Обновлено 04.12.2023 в 11:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Ыстан уланып мерт болғандардың ішінде Түркістан облысының алты тұрғыны бар. Марқұмдардың біреуі кәмелетке толмаған 15 жастағы бозбала. Тағы біреуі — студент, қалғаны жұмыс істеуге барғандар.

Алматыдағы хостелде өрт кезінде қайтыс болғандар 30 қарашада жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Үш ай бұрын Алматыға жұмыс істеуге шыққан 20 жастағы Бейбарыс Әлдибек үйіне табытпен оралды. Үш ағасы үйленіп еншісін алып шыққан соң сөйлей алмайтын мүгедек әке-шешесін бағу үшін Бейбарыс Алматыдағы фаст-фуд орталығында аспаз болып жұмыс істеген. Өзі үнемі ақша жіберіп тұратын жігіт ата-анасымен соңғы мәрте видеобайланыс арқылы сөйлескенде жалақысы кешіктіріліп жатқанын айтып ақша сұрапты.

Бір күн бұрын видеобайланыспен сөйлестік. «Мама, ақша беріңізші, 3 мың теңге» деген. «Қашан ауылға келесің, тез қайт» десем, «1-2 күнде келем» деп айтты. Ақшасын уақытылы бермегеннен кейін сол жақта қалды. Айлығын күткен шығар.

Маған үкіметтің 1 миллионы қажет емес, маған баламның өзі керек. Неге соны қадағаламайды, терезе немесе өрт дабылын неге қоймаған,

дейді марқұмның анасы Баян Садырбаева.

Таңнан қара кешке дейін жұмыс істеген бала қуықтай ғана бөлмеде 10 адаммен бірге тұрыпты. Бейбарыспен 1,5 айдан бері хостел жағалап, бірге жұмыс істеген досы өрт болардан үш сағат бұрын ғана айлығын алмастан ауылға қайтыпты. Жүзін көрсеткісі келмеген жолдасы өзін шығарып салған досының енді жоқ екеніне сене алмайды.

Бір бөлмеде 10 адамнан жататын едік, 4-5 адам төлеп қойған. Қалғаны күніге ауысып кететін. Біз тек ұйықтауға келетінбіз. Бізбен қатарлас болатын бәрі. 2003, 2002, 2001 жылғы болатын. Екі студент. Біреуі бізбен жұмысқа барып келетін. 16, 15, 13 деген бөлме болатын, екеуі түпкі жағында болған. Алдында көптеген матрас жататын. Сол матрас түтінеген, соның иісіне тұншығып қалған, есіктен шыға алмаған,

деді марқұмның досы.

Марқұмның жақындарының айтуынша, 20 жастағы бала жертөледе тұрып келгенін айтпаған. Тірісінде тұйық болған ол Алматыда тапқан табысына ескірген үйін жөндеп, соңынан үйленгісі келген екен. Бірақ жағдайы жасалмаған хостелде өлгенін білген соң, енді туыстары «жертөледен қонақ үй жасағандар мен оларды қадағаламаған жауаптылар жазалансын» деп талап етіп отыр.

Кешелі бері «осында жүрміз» деген шенеуніктер енді ауылға төрт жыл бұрын келген газды осы ай ішінде кіргізіп береміз деп уәде еткен.

Марқұмның 40 күндік асын да аудан әкімдігі өз мойнына алыпты. Қайғыдан қан жұтқандар есін жиған соң мүгедектер тұратын үйдің барлық мәселесін шешеміз дейді.

Газ қазір шаңырағына келіп тұр. Тек қосу ғана қалды. Бір екі апта көлемінде қосып береміз. Иә, қазандықтарын алып береміз. Газды қосып береміз. Жанұяға қандай жәрдем керек болады, соның бәрін мекеме тарапынан жәрдем береміз,

деді Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов.

Жертөледегі хостелде улы түтінге тұншығып көз жұмған Түркістан облысының алты азаматы ақтық сапарға жөнелтілді. Арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар. Келес ауданының 15 жастағы тұрғыны Алматыдағы колледждердің бірінде оқыған. Қалғаны жұмыс істеген екен. Енді олардың артында еңіреген екі жесір мен екі ұл жетім қалды.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 04.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?