Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Еурохаттама деген не. Оны қандай жағдайда қолдануға болады
Қоғам

Еурохаттама деген не. Оны қандай жағдайда қолдануға болады

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 29.05.2024
Обновлено 29.05.2024 в 03:05
Поделиться
Поделиться

Екі көлік құралы қатысатын және келтірілген залал 100 АЕК-тен (2024 жылы 369 200 теңге) кем болған ұсақ жол-көлік оқиғасы (ЖКО) жағдайында Еурохаттаманы қолдануға болады. Бұл міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алудың жеңілдетілген тәртібі.

Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жолдардағы ұсақ апаттарға ұшыраған автокөлік иелері сақтандыру жағдайларын реттеудің жеңілдетілген тәртібін – Еурохаттаманы пайдалана алады, ол оқиғаға жол полициясын тартпай-ақ, сақтандыру төлемдерін қашықтан және жедел алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін тараптар ЖКО салдарынан кім кінәлі, ал кім жәбірленушілер болып табылатынымен өзара келісімге келіп, келтірілген залалдың сомасы 100 АЕК – белгіленген лимит шегінде екендігімен келісуге тиіс. Ең бастысы, апат кезінде адамдар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келмеуге тиіс.  Тағы бір міндетті талап – ЖКО қатысушыларында міндетті автосақтандырудың қолданыстағы полистері болуға тиіс.

Еурохаттаманың ыңғайлығы – автокөлік иелері сақтандыру төлемдерін офиске бармай-ақ қашықтан ала алады.

2024 жылдың басынан бастап қазақстандықтар сақтандыру төлеміне 2812 өтініш берді. 2024 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша 2329 жүргізуші жалпы 443 млн теңгеге сомаға өтемақы алды, бұл осы сақтандыру сервисінің танымалдылығын көрсетеді.

Өтінімді кім және қалай беруге тиіс? 

Жол-көлік оқиғасына қатысушының екеуі де өздерінің ұялы телефондарына «Еурохаттама» қосымшасын немесе сақтандыру ұйымының қосымшасын жүктеп алуға немесе сақтандыру ұйымының сайтына жүгінуге тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, жол-көлік оқиғасының фотоматериалдарын қоса тіркеу қажет.  

Маңызды: сақтандырушылар автокөліктердің соқтығысу фактісі мен келтірілген залалдың мөлшерін растайтын қосымша материалдарды сұрамайтындай жіберілген фотосурет сапалы болуға тиіс.

Фотосуретті сәтті жүктеп, декларацияны толтырғаннан кейін бұл құжаттар сақтандыру компаниясына жіберіледі. Зардап шеккендерге сақтандыру жағдайын тіркеу туралы SMS-хабарлама келуі тиіс. Егер SMS келіп түскен болса, бұл сақтандыру ұйымының өтемақы алуға өтініші қабылданғанын білдіреді. Осыдан кейін ғана автокөлік иелері апат орнынан кете алады.

Өтінім беру мүмкін болмаса, не істеу керек?

Егер қосымшаны орнату немесе пайдалану кезінде проблемалар туындаса, онда қазақстандықтар өздерінің сақтандыру ұйымынан кеңес алуына немесе «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ байланыс орталығына +7 (727) 339 31 88, немесе 2570 нөмірлері бойынша хабарласа алады.

Сақтандыру төлемдері туралы ақпарат қайда сақталады?

Сақтандыру жағдайын реттеу процесінің құжаттар топтамасын қалыптастырудан бастап төлемге дейінгі барлық кезеңі клиенттің жеке кабинетінде сақталады және Бірыңғай сақтандыру дерекқорында (бұдан әрі – БСДҚ) тіркеледі. Әрбір кезеңнің электрондық тіркелуі сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру ұйымдары мен БСДҚ ақпараттық жүйелері үшін ақпараттық және дербес деректерді қорғаудың ең жоғары деңгейіне қойылатын талаптар, сондай-ақ киберқауіпсіздік бойынша талаптардың болуы белгіленген.

ТЕГи: Қазақстан
Сайт Әкімшілігі 29.05.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?