Маңғыстау облысында баламалы қуат көздері мен «жасыл» сутегі өндіретін орталық ашылады.
Еуропалық кеңес басшысының Астанаға ресми сапары кезінде тиісті келісім орнады. Уағдаластыққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Шарль Мишель қол қойды.
Орталықтың құрылысымен «Хайрэйжа Уан» компаниясы айналысады. Сонымен қатар инвестор аймақта жел және күн электростанцияларын орнатады.
Елге құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 20 млрд еуро. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысынң орынбасары Тимур Сүлейменов айтты.
Ауқымды жоба іске асса, шамамен 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Ол үшін біздің студенттер Германияның оқу орындарында білімін шыңдайды.
Егер бұл жобаны іске асырсақ, біз тек Орталық Азияда ғана емес Еуразия құрлығындағы көшбасшыға айналамыз,
деді Тимур Сүлейменов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары