Одақтың кейбір мүшесі Ресей газына тым тәуелді елдер үшін ерекшелік талап етті.
Еуроодақта Ресей газын тұтынуды азайту туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Euronews. Бұл шешім «Солтүстік ағын» құбыры арқылы отын жеткізу көлемінің төмендеуі және энергетикалық қауіпсіздік мәселесін талқылау аясында қабылданды.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропа Мәскеумен қарым-қатынасты дамытуға қатысты аса нашар жағдайға дайын болуы керек екенін айтты. Әңгіме қыста жанармай жеткізуді тоқтату қаупі туралы да болды.
Өткен аптада бекітілген келісімдер бойынша, ЕО-ға мүше елдер 2023 жылғы 31 наурызға дейін Ресейден келетін газды кейінгі 5 жылдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 15%-ке азайтуы керек.
Бұл — алдағы айларда Еуроодақ жалпы көлемі 45 миллиард текше метр көгілдір отынды үнемдеуі керек деген сөз. Бұл көлемнің төрттен бір бөлігі дерлік Германияға тиесілі. Ол ел Ресейден ЕО-ға импортталатын газдың 40%-ке жуығын алады.
Венгрия, Испания, Португалия және Грекия сияқты одақтың кейбір мүшесі Ресей газына аса тәуелді елдерге ерекшелік жасауды талап етті.
Кремль Батысқа энергия жеткізуді жалғастыруға мүдделі екенін мәлімдеген еді.
Ресей негізінен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне кепілдік береді,
деген еді президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей импортына салынған санкциялар мен басқа да шектеулерді Мәскеу бірінші кезекте ЕО-ға соққы деп санайды.