Еуропа Ресеймен соғысуға жақын, ал Қытай америкалықтарды жұмыссыз қалдырды. 26 қазан

Әлемдік БАҚ не деп жазады?

Инфляция мен ставкалар қарқын алды

The Wall Street Journal жазуынша, жаһандық экономиканың өсімін инфляция мен орталық банктердің пайыздық мөлшерлемелерінің артуы тежеп отыр.

Соңғы мәліметтерге сай, қазан айында АҚШ пен Еуропадағы іскерлік белсенділік төмендеді. Қызмет көрсету саласындағы көрсеткіш күрт төмендеді. Әлемдегі ең ірі экономиканың негізгі қозғаушы күші АҚШ-тың құлдырауына әкелді. Жоғары бағалар мен пайыздық мөлшерлемелер әлемдік тұтынушылық сұранысқа кері әсерін тигізді. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, Еуропа Ресеймен экономикалық соғыстың маңызды кезеңіне ауысқан сияқты. Ал Қытай экономикасы Вашингтонның санкцияларына байланысты қысымға тап болды.

Қытай мен Тайвань бірікті

Bloomberg агенттігі, Қытайдың коммунистік партия съезінен бірнеше күн өткен соң шенеуніктер жасаған мәлімдемемен бөлісті.

Тайвань істері басқармасының өкілі Ма Сяогуан Бейжіңдегі тұрақты брифингте мәлімдеме жасады. Бас қосудың нәтижелері мен Си өкілеттілігінің тағы бес жылға ұзартылуы Тайваньмен бірігудің тарихи қадамы болды.

Біз бұрын соңды болмаған жақындастыққа қол жеткіздік. Ұлттық жасаруды жүзеге асыруға бұрынғыдан да сеніміміз мол және қабілетіміз артты. Сонымен қатар, Аралдың Отанымен қайта толық қосылуына да бір қадам жақындадық,

деп мәлімдеді Ма Сяогуан.

АҚШ пен Ұлыбритания бірге жұмыс істеуге дайын

The Guardian АҚШ президенті Байден мен Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунактың телефон арқылы сөйлесуінен кейін Ақ үй мен Лондонның келісімдері туралы жазды.

Ақ үйдің мәліметінше, Байден мен Сунак Украинаға қолдау көрсетіп, Қытайға қарсы тұру шараларына бірлесе араласуға шешім қабылдаған.

Екі елдің көшбасшылары Украинаға қолдау көрсетуді және Ресейді басқыншылығы үшін жауапкершілікке тарту үшін бірлесіп жұмыс істеу маңызды,

делінген хабарламада.

Сунак Украина президенті Владимир Зеленскийге Британия әрқашан қолдайды деп уәде берді.

Премьер-министр Зеленский қолдау мен ынтымақтастыққа сенім білдіре алатынын айтты. Екі көшбасшы да экономикалық санкциялар арқылы Путиннің варварлық режиміне тосқауыл болуға тырысатындарын айтты,

деді Даунинг-стрит өкілі.

Сонымен қатар Байден мен Сунак «Қытаймен байланысты мәселелерді шешуге» келісті. Вашингтон аспан асты елді өзінің әлемдік аренадағы басты геосаяси және экономикалық қарсыласы деп атаған.

Даунинг-стрит бұған дейін «Қытайдың зиянды әсеріне қарсы тұру» әрекеттерін талқылаған телефон арқылы келіссөздің қысқаша мазмұнын жариялаған еді.

АҚШ америкалықтарды жұмыссыз қалдырды

Fox news хабарлауынша, Қытайды жаңа технологиялар бойынша ұстап тұруға бағытталған АҚШ-тың экспорттық бақылауының жаңа ережелері америкалықтарға кері әсерін тигізіп жатыр.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қытайдың ең ірі чип өндіруші компаниясы негізгі техникалық және ғылыми дәрежедегі барлық америкалық қызметкерлерін жұмыстан кетулерін талап етіп отыр. Шектеулерге тап болмас үшін.

Мәселемен таныс ақпарат көзіне сүйенсек, қызметкерлерінің өз еркімен кетуін талап ету компания үшін және жұмысшылардың жеке басы үшін ең дұрыс шешім болып табылады.

АҚШ-тың қанша азаматы жұмыссыз қалғаны белгісіз. Дегенмен Yangtze Memory Technologies компаниясының жетекші лауазым қызметінде кем дегенде 800 АҚШ азаматы жұмыс істеген.

Дипломатияның кезі аяқталды

New York Times Байден әкімшілігінің сәтсіздігі туралы жазды. Редакцияға түскен кұжаттарға сәйкес, АҚШ Сауд Арабиясымен 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндіруді ұлғайту туралы құпия келісім жасасқаны белгілі болды.

Аталмыш құжат Байденнің Сауд Арабиясына қандай мақсатпен барғанын дәлелдейді. Артынша АҚШ президенті Америка мұнай өндіру мәселесін бақылайды деп мәлімдеді. Алайда екінші елдің өкілдері басқаша мәлімдеме жасаған еді. Кейінірек ОПЕК өндірісті едәуір қысқарту туралы шешім қабылдады, бұл АҚШ-та жанармай бағасының күрт артуына әкелді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago