Денсаулық

Еуропада жылына 1,2 миллион адам семіздіктен көз жұмады

Артық салмағы бар адамдардың ең жоғары үлесі Хорватия мен Мальтада байқалады.

Әрбір алтыншы еуропалық семіздікке шалдыққан, ал ересектердің жартысынан көбі артық салмақпен ауырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Еуропада семіздік барған сайын күрделі мәселеге айналуда. ЕО-ның әрбір алтыншы тұрғынында семіздік диагнозы қойылған, континенттегі ересектердің жартысынан көбі артық салмаққа ие.

Семіздік денсаулық сақтау үшін маңызды мәселе болып табылады, өйткені ол созылмалы аурулардың: гипертония, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупін арттырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Еуропалық аймақта жылына 1,2 миллионнан астам адам семіздіктің салдарынан көз жұмады.

ДДСҰ-ның 2022 жылғы Еуропадағы семіздік туралы есебінде семіздік жоғары қан қысымынан, диеталық қауіптерден және темекіден кейінгі өлім себептері арасында төртінші орында, бұл жалпы өлімнің 13% — дан астамын құрайды.

ЕО–ның Eurostat ресми статистикалық департаментінің мәліметі бойынша, 2019 жылы ЕО ересек тұрғындарының 44,8%-ы қалыпты салмаққа, жартысынан көбі (52,7%) артық салмаққа, ал 2,5%-ы салмақ жетіспеушілігіне ие екені анықталған.

ЕО–дағы артық салмағы бар адамдардың ең жоғары үлесі Хорватия мен Мальтада байқалды (екеуі де 64,8%). Осы елдердің әрбір үш тұрғынының екеуі дерлік артық салмақтан зардап шегеді. Олардың артынша тізімде Исландия, Чехия және Венгрия елдері бар. Мұнда артық салмағы бар адамдардың үлесі 60 немесе одан да көп пайызды құрайды.

Артық салмағы бар адамдардың ең төменгі үлесі Италияда (45,7%), Францияда (47,2%) және Люксембургте (48,4%) тіркелді. Бұл артық салмағы бар адамдардың үлесі 50%-дан төмен болған санаулы ғана елдер.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago