Еуропалықтар Ресейде жұмыссыз қалуы мүмкін. 28 қыркүйек

Шетелдік БАҚ не деп жазады?

Дағдарыс қаупі артып келеді

The Wall Street Journal Ұлыбритания инвесторлардың сенімін ақтау үшін барлық шараларды қолданып жатқанын жазады.

Ұлыбритания үкіметі фунт жағдайы мен Лондондағы облигациялар нарығы үшін қиын аптадан кейін инвесторлардың сенімін ақтауға кірісті. Ұлыбритания қазынашылығының канцлері Квази Квартенг мәселені тұрақтандыру үшін Англия банкінің басшысымен күнделікті кездесулер өткізетінін айтты.

Алайда, аталмыш іс-әрекет оң нәтиже бермей отыр. Реттеуші жаңа үкіметтің саясатын сынға алды. Себебі Лиз Трасс қабылдаған салықтар мен энергетикалық субсидияларды төмендету шаралары өсіп келе жатқан инфляцияны тежеуде қиындықтар тудырып отыр.

Бірауыздан

Bloomberg хабарлауынша, Еуропалық Одақ өз азаматтарына ресейлік компанияларда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салуы мүмкін. Дереккөздерге сүйенсек, бұл Германияның ұсынысы. Енді ресми түрде енгізу үшін Еуропалық Комиссия қарастыратын болады.

Тыйым салу туралы ақпарат наразылық тудырғаны анық. Еуропаның алдыңғы қатарлы азаматтары бір адамның кесірінен зардап шегуі мүмкін. Бұл Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер. Ол қазіргі уақытта Nord Stream AG акционерлерінің комитетін және «Роснефть» ЖАҚ директорлар кеңесін басқарады. Германияның қазіргі үкіметі Шредерді немістің ақпараттық құралдары арқылы саяси қудалауды бұрын бастап кеткен.

Түкке тұрғысыз уәде

The Guardian жазуынша, АҚШ-тың «елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін Қытайдың аймақтық ықпалына қарсы тұру құралы» атты Тынық мұхиты елдерінің саммиті жоспардан тыс басталып кетті.

Соломон аралдары АҚШ келісімінің жобасын қабылдамады, ал Микронезия басшылары аймаққа жеткіліксіз қаражат бөлінді деп алаңдап отыр деп хабарлайды редакция.

11 тармақтан тұратын Америка-Тынық мұхиты серіктестігі туралы Декларация Тынық мұхиты елдері мен АҚШ-ты климаттық дағдарыс пен геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірігіп жұмыс істеуге міндеттейді.

Жоба бұрын Қытай Тынық мұхиты елдеріне ұсынған экономика және қауіпсіздік саласындағы ауқымды аймақтық мәміледен айтарлықтай ерекшеленеді.

Қытай келісімі жан-жақты еді. Ол жерде қаражаттың нақты сомасы, бағдарламалар мен тіпті мәдение алмасу аясындағы қытайдың өнер ұйымдарының саны да көрсетілген.

Сондай-ақ АҚШ-пен жасалған декларация әлдеқайда жалпы сипатқа ие: Тынық мұхиты регионализмін нығайту, климаттық дағдарысты жеңу, экономикалық өсуге ықпал ету, көк Тынық мұхитын қорғау және бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау сынды бос уеде емес, өзара әрекеттесу принциптерін ұстанады.

Фунт әлсіреп әлемге қауіп төндірді

Fox news АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрі Ларри Саммерстің сөзіне сілтеме жасап, Ұлыбритания әлемдік дағдарысты тудыруы мүмкін деп ескертті.

Президент Билл Клинтон мен Барак Обаманың қарамағында жұмыс істеген Гарвард университетінің профессоры Саммерс Твиттерде былай деп жазды:

Әлем өзі инфляциямен күресіп жатқанда, Ұлыбритания үкіметі ұсынған салықты азайтуға бағытталған пакет керісінше зиянын тигізіп отыр

Ұлыбританияның жұма күні жариялаған саясаты менің көңілімнен шықпады. Нарық осылай құлдырайды деп ойламадым. Валюта төмендеген сайын ставкалардың өсу тенденциясы мемлекетке деген сенімге нұсқан келтірудің айқын белгісі болып табылады,

деді Саммерс.

Оның айтуынша, фунт доллар және евродан да төмен деңгейге түсуі мүмкін. Әлемдік резервтік валюталардың бірі тап болған дағдарыс бүкіл әлемге зиянын тигізеді деген болжам жоқ емес.

Халықаралық валюта қорының үндемей отырғаны таң қалдырып отыр,

деді профессор.

Әлеуметтік қару

New York Times мәліметінше, қарашадағы аралық сайлаудың уақыты жақындаған сайын, Байденнің саясаты соғұрлым қатал болып барады.

Сайлау жарысында демократтар да, республикашылдар да әлеуметтік бағдарламалар тақырыбын пайдалы қару ретінде қолдануды жөн көрген.

Федералды арналардың біріне берген сұхбатында АҚШ президенті:

Егер американдықтар республикашыларды билікке қойса, онда әлеуметтік сұрақтар мүлдем тығырыққа тіреледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago