Categories: Саясат

Фантастикалық уәде беретін министрлерді қайтеміз?

«Жаңа Қазақстан жасаймыз деп жанталасып жатырмыз, бірақ оның не екенін нақты түсіндіріп бере алатын ешкім жоқ. Мен де білмеймін, не ол, жаңа Қазақстан деген? Әзірге не нәтиже, не бір бағыт жоқ. Не бір көзге көрінген белгілері жоқ, жаңа Қазақстанның. Сөз жүзінде ғана бірдеңелер өзгергендей  кейіп танытылып жатыр. Бірақ нақты идеологиялық мазмұн жоқ, соңғы референдумнан басқа», деген екен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев ZonaKZ интернет-газетінде.

10 ұлттық жоба – баяғы жартастар

Бәрі баяғы жартасқа қатты ұқсап тұр. Ұлттық жобалардың мазмұнын алсаңыз, оның 90 пайызы мемлекеттік бағдарламаларда айтылған нәрселерді қайталайды. Бірақ бұл жолы тілді дамыту деген бағыт жоқ. 10 ұлттық жоба үшін 2025 жылға дейін 49 трлн теңгені игереміз дейді. Ендеше бюджетті талан-тараж қылып үйренген шенеуніктер бөркін аспанға атып, тойлата берсе болады. Ол ақшаның жартысын инвестиция түрінде тартамыз депті, бірақ бұған кім ақша салатынын мен түсінбеймін. Кәсіпкерлікті, өңірлерді дамыту мен тұрақты экономикалық өсімге 49 трлн теңгенің 30 трлн-нын жұмсау көзделіпті. Экономика министрі Ерғалиев осы ұлттық жобаларды жүзеге асыру барысында 5 мұнай-химия зауытын салу көзделген деп дүңк еткізген.

30 жыл бойы біреуін де сала алмай келгендер, енді бесеуін бірақ саламыз дейді.

Мыңнан астам ұлттық экспортеріміз 40 млрд доллардан астам экспорттық өнімді сыртқы нарыққа шығарады деген уәде беріп жатыр! Атақты Остап Бендер жолда қалады. Осындай фантастикалық уәделер беретіндерді жауапқа тарту керек еді.

Қазіргі билігімізбен ештеңе өзгермейді

Халықтың экологиялық ой-санасын модернизациялау деген не? Жерге түкірсек, басымыздан таяқпен ұрайын деп жүр ма? Түсінбеймін. Оның орнына шенеуніктердің санасына модернизация неге жасамайды? Тоймай ұрлай бергенше бір сәт мемлекеттің қамын ойла, халықтың жағдайын жаса деп. Байбекті алайық. Алматыны ғимараттармен тұншықтырып тастады, травмайдың көзін құртты. Оның ісін Сағынтаев жалғастырды. Алматының экологиясын жақсарту бағытында ештеңе жасалмады ғой. Бар жұмыстары шлагбаум орнатып, ақша жинау. Халықтың құлағынан тебе бермей, утильсборды жоюларына болар еді ғой?

Халықтың қолжетімді, әлдеқайда сапалы көліктерді шетелден өз бетінше әкелуіне рұқсат неге бермейді?

Ақымақ шешімдерді бір адамның бұйрықтағы қолымен-ақ жоюға болар еді, бірақ елге шын жақсылық жасауға қу құлқындары жібермейді. Содан ғой, Қазақстандағы жай адамның өмірі барған сайын нашарлап барады, ал шенеуніктердің жағдайы керісінше, одан әрі жақсарып жатыр.  

30 жыл бойы әбден азғындап кеткен, жемқорлықпен екі-үш ұрпағы уланған шенеуніктер корпусын басқа адам қылып қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңа Қазақстан немесе екінші республика құру үшін елде шын демократиялық өзгерістер жасап, шенеуніктер аппаратын түп-тамырымен басқа адамдарға ауыстыру керек. Билікте әлі қалған қазіргі аппаратымызбен ештеңе өзгермейді, ештеңе дамымайды,

дейді сарапшы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

19 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago