Шығыс Қазақстанда жоғалған бала: жедел іздестіру штабы құрылды

Шығыс Қазақстан облысының Согра ауылында 12 жасар жасөспірім жоғалды. Бала 14 тамызда 02:30-да үйінен шығып кеткен. Бүгін жасөспірімді жедел іздестіру штабы құрылды.

14 тамызда сағат 14:00-де полицияның Ертіс бөліміндегі 102-каналына кәмелетке толмаған баланы іздеуге жәрдемдесуді сұраған қоңырау түскен. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлады.

Баланың аты-жөні — Темірлан Ахметжанов. Аутизммен ауырады, сөйлей алмайды.

Іздеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Қазір сол жерде жедел штаб құрылды. Азаматтар онда барып, қажет ақпарат ала алады және іздестіру шараларына қатысуға өтініш бере алады,

делінген ІІД таратқан хабарламада.
Фото: ҚР ІІД

Темірланды 500-ден астам адам іздеп жатыр. Оның құрамында 350 полиция қызметкері, ҚР Ұлттық ұланының 100 әскери қызметкері, құтқарушылар мен еріктілер бар.

Фото: ҚР ІІД

Тұрғын үй аулалары, шаруашылық құрылыстары қаралып жатыр. Іздеуге қызметтік иттер қатыстырылды.

Айта кетейік, бұған дейін 7 тамызда Қостанай облысының Жамбыл ауылында аутизммен ауыратын 5 жасар қыз жоғалған еді. Оның денесі 3 күннен соң судан табылды.

Бұл жағдайдан кейін Аутист бала тәрбиелеп отырған Сандуғаш Шортанованың Facebook-те жазбасы жарияланған еді. Ол үкіметтен бөлінетін 104 мың теңгеге аутист баланың екі дәрісін ғана сатып алуға болатынын айтты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago