Флоридалық профессор су астында 74 күн өмір сүрген

Америкалық зерттеуші су астында болу ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты. Флорида штатының Ки-Ларго қаласының тұрғыны Джозеф Дитури 30 фут тереңдіктегі Лагуна түбінде 74 күннен астам уақыт өткізді.

Ол әлі судан шықпаған. Су астындағы үйінде кем дегенде 100 күн болатынын айтты.

Бірінші күннен бастап болашақ ұрпақты шабыттандыру, су астындағы өмірді зерттейтін ғалымдардан сұхбат алу және адам ағзасының төтенше жағдайларда қалай жұмыс істейтінін білуді мақсат еттім,

деді ол.

Осыған дейін су астында өмір сүру бойынша рекордты екі профессор 2014 жылы сол Ки-Ларго үйінде орнатқан. Олар 73 су түбінде болды.

Сүңгуір қайықтан айырмашылығы, лодж жоғары су асты қысымына бейімделу үшін технологияны пайдаланбайды.

«Терең теңіз доктор» лақап атпен танымал профессор Дитури саяхатын 1 наурызда Флорида-Кис лагунаның түбінде орналасқан шағын бөлмеде бастады.

Project Neptune 100 деп аталатын жоба аясында Оңтүстік Флорида университетінің профессоры адам  экстремалды қысымда ұзақ мерзімде болғанда, ол ағзаға қалай әсер ететінін зерттеуде.

Зерттеушілер 55 жастағы ер адамның денсаулығын, сондай-ақ ұзақ уақыт оқшауланудың психологиялық әсерін бірқатар медициналық сынақтар арқылы зерттейді.

Бірақ су астында өткізген уақыты оның профессорлық міндеттерін орындауға кедергі болмады. Оңтүстік Флорида университетінің мәліметі бойынша, әскери-теңіз күштерінде 28 жыл қызмет еткен профессор онлайн режимде биомедициналық инженерия сабақтарын жүргізеді.

Су астында ол ерте тұрып, сағат 05:00-де жаттығу жасайды. Ол микротолқынды пешпен жылытуға болатын жұмыртқа мен лосось сияқты ақуызы жоғары тағамдарды жейді.

«Жер бетінде сағынған нәрсе – ол Күн», — деді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago