Categories: Экономика

«Fly Arystan-ға көмектескенше, жол салу керек» – сарапшы

Биліктің Fly Arystan авиакомпаниясын қолдаудағы кезекті қадамы туралы шешімі үлкен қателік болып көрінеді – белгілі экономист Ғалым Құсайыновтың бұған еш күмәні жоқ.

Сарапшы өзінің телеграм-арнасында жеке авиакомпанияны емес, көліктің басқа түрлерін дамыту қажет екенін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Күмәнді логика

«2024 жылы Air Astana құрылымынан Fly Arystan-ды бөліп шығарып, ИИДМ өкілін ДК-не енгізуді жоспарлап отыр, және осы іс-қимылдардың арқасында билеттер бағасы төмендеуі тиіс дейді.

Шынымды айтсам, өте даулы тұжырым. Қазіргі уақытта кез-келген авиакомпанияның бәсекеге қабілеттілігі оның көлемімен анықталады. Компания неғұрлым үлкен болса, ұшу құны соғұрлым төмен болады.

Бұған көптеген факторлар әсер етеді және бұл масштабты экономиканың классикалық мысалы. Бір жолаушыға шаққандағы тұрақты шығындар және көп мөлшерде сатып алу құны авиакомпанияның өзіндік құнын төмендетудің негізгі драйверлері болып табылады.

Fly Arystan қалай және ненің есебінен өзіндік құнын төмендетуді жоспарлап отыр, менде бұл орайда әлі де сұрақ көп. Есімде, осыдан 7 жыл бұрын Qazaq Air құру туралы ұқсас жазба қалдырған едім, ол әлі күнге дейін түсініксіз стратегиясы бар шығынды компания болып табылады.

Керегі тек авиация емес

Менің ойымша, біз билет құнын төмендету категориялары бойынша саладағы тәуекелдер мен сыбайлас жемқорлыққа әкелетін әкімшілік әдістермен емес, жолаушының А нүктесінен В нүктесіне дейін жүру құнын төмендету категориялары бойынша ойлауымыз керек. Мысалы,

Алматы мен Астана арасындағы жүрдек жолды енгізу жолаушылар тасымалын ұшу құнынан едәуір төмен бағамен дамытуға мүмкіндік береді. Елорданы көшірген сәттен бастап 25 жыл ішінде трасса әлі де салынбаған

Тіпті ол ақылы болса да, бұл ұшуға қарағанда әлдеқайда арзан болады. Теміржол көлігі туралы да айтуға болады, «Тальго» жобасы 15 жыл бұрын іске қосылды, бірақ одан кейін ештеңе жасалмады. Автобус тасымалы мүлдем дамып жатқан жоқ. Сондықтан, менің ойымша, Air Astana-ның басты бәсекелестері одан жасанды түрде бөлінген компания емес, ҚТЖ және Қазавтожол болуы керек.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago