Үкімет «Air Astana» әуе компаниясынан FlyArystan лоукостер әуе компаниясын бөлудің кезең-кезеңімен жоспарын дайындады.
«FlyArystan» АҚ жарғысы бекітілді, қайта тіркеу рәсімдері және компанияның ұйымдық құрылымын қалыптастыру, әуе кемелерін беру, сондай-ақ FlyArystan қызметінің басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде,
деді Смайылов.
Сонымен қатар кірістер мен шығыстардың бөлек есебін енгізу жоспарланып отыр.
«FlyArystan» операторының жеке куәлігін алу үшін құжаттарды 2023 жылдың төртінші тоқсанында тапсыру жоспарланған,
дейді премьер-министр.
Үкімет басшысының айтуынша, басқа әуе компанияларымен бәсекелестік FlyArystan билеттерінің бағасын төмендетуге көмектеседі. Астана-Ақтөбе рейсіне билет құны 8,5 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін, Алматы-Атырау бағытында 15 мың теңгеден 64 мың теңгеге жуықтаған.