Categories: Оқиға

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағына найзағай түсті

Түркістан — Ыстамбұл бағытындағы рейс ауа-райының қолайсыздығына байланысты, нақтырақ айтқанда, оның алдында орындалған рейсте ұшақтың алдыңғы бөлігіне найзағайдың түсу себебінен кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясының ресми Telegram каналында жазылды.

КС7425 рейсі бүгін сағат 13:05-те ұшуы тиіс болған.  Алайда, қауіпсіздік талаптарына сай ұшаққа тексеріс жүргізілуі тиіс.

Біз рейстердің кешігуінің және тоқтатылуының алдын алу үшін қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс екенін ескереміз. Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша 19.05.23 күні сағат 17:00-де ұшады деп жоспарлануда,

делінген хабарламада.

Еске салайық, әуекомпанияның тарапынан рейстің жолаушыларына:

1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады.

2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады.

 3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago