Шетел басылымына шолу

Францияда мектептерде мұсылман көйлектерін киюге тыйым салынды

Франция мектептерінде мұсылман әйелдерінің бүкіл денені жауып тұратын дәстүрлі абайя көйлегін киюге тыйым салынады. Бұл туралы Францияның білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді, деп хабарлайды DW агенттігі.

Атталь келесі аптада мектеп басшылығымен бұл тыйымды қалай жүзеге асыру керектігін талқылаймын деп уәде берді.

Жаңа ереже 4 қыркүйекте жаңа оқу жылының басынан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.

Министрдің бастамасын Республикалық партияның жетекшісі Эрик Чиотти қолдады, деп атап өтті AFP.

SNPDEN Директорлар одағының бас хатшысы Бруно Бобкевич те енді мектеп директорларына нақты нұсқау берілетінін құптады.

Кәсіподақ әлеуметтік желілерде бұл шешімді «айқын және батыл» деп атады.

Ал «Жеңілмеген Франция» солшыл партиясы (LFI), керісінше бұл тыйымды «конституцияға қайшы» деп атады, деп жазады AFP.

Францияда «абайяны діни киім деп санауға бола ма?» деген пікірталас бірнеше айға созылды.

Француз мұсылман сенімі кеңесі (CFCM) көйлек ресми түрде олай саналмайды деп сендірді.

France24 атап өткендей, Франция мектептерінде тыйым салынған дәстүрлі ислам киімінің орнына абайя кию жиілеп кеткен.

Францияда мектептегі зайырлылық және көрнекті діни рәміздер туралы заң 2004 жылы қабылданған.

Ол кез келген діни рәміздер тағуға немесе діни киім киюге тыйым салады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago