2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап 18 бен 25 жас аралығындағы барлық жыныстағы франциялық жастар елдің дәріханаларынан мүшеқаптарды тегін ала алады. Бұл туралы 8 желтоқсанда Франция президенті Эммануэль Макрон денсаулық сақтау мәселелеріне арналған шарада мәлімдеді.
Франция басшысы бұл қадамды «қорғаныс саласындағы шағын революция» деп атады. Оның айтуынша, бұл шара жыныстық жолмен жұғатын ауру санын азайтуға көмектеседі.
Les maladies sexuellement transmissibles sont en recrudescence chez les jeunes. C'est pourquoi, nous engageons une petite révolution de la prévention : https://t.co/x80Cvlo8x9
— Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) December 8, 2022
Сонымен бірге Макрон енді барлық әйел үшін дәріханаларда жедел контрацепция құралдарына тегін алатынын, 26 жасқа толмаған адамдарға АҚТҚ-дан басқа жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тегін скринингтік тексеруден өтуге мүмкіндігі болатынын айтты.