Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Гүлмира Сатыбалды 8 жылға сотталды
Саясат

Гүлмира Сатыбалды 8 жылға сотталды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 30.06.2023
Обновлено 30.06.2023 в 01:06
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қызылорда қалалық соты Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сонымен қатар, ол сот үкімімен 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды.

Қызылорда қаласының №2 сотында бір топ болып алдын ала сөз байласып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салып, аса ірі мөлшерде жымқырған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) 7 сотталушының ісі қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы С. 2018-2020 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы бөлігін жылумен жабдықтау жұмыс жобасы бойынша жұмыс атқармай, алдын ала сөз байласып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырған.

Ал сотталушылар Б, Ж, Е, Қ. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар бола тұра, бір топ болып алдын ала сөз байласып, қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып, аса ірі мөлшерде сеніп тасырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу арқылы жымқырған.

Сотталушылар Д. мен Б. атқарылмаған жұмысқа өткізу актісін жасақтап қол қойған.

Сотталушылардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке 441 млн теңге зиян келген.

Сотталушылардың кінәсі сотталушы Б-ның кінәні мойындау туралы арызымен, құрылыс нысанына қатысты жүргізілген сот-тауартану және сот-экономикалық сараптамасымен, «А» ЖШС бухгалтері, есепшісі, құрылтайшыларының беттестіру жауаптарымен дәлелін тапты.

Прокурор сотталушы С-ны — 8, Б, Ж, Е, Қ-ны 7 жылға бас бостандығынан айыруды, ал Д. мен Б-ға — 7 жыл шартты жаза беруді сұрады.

Сотталушылардың адвокаттары оларды ақтауды сұрады.

Нақтырақ айтқанда, ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотталушы С. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы С-ның биылғы 4 сәуірдегі Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімін (7 жыл) есекере отырып, ҚК-нің 58-бабы 3,6-бөліктеріне сәйкес, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, түпкілікті жаза ретінде 8 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды,

деп мәлім етті облыстық соттан.

Ведомство мәліметінше, Б, Ж, Е. және Қ-ға мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды және 7 жылға сотталды.

Б. және Д-ға 7 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Олардың жазасын жеңілдететін мән-жайын барын, ауырлататын мән-жайын жоғын ескеріп, тағайындалған жаза ҚК 63-бабына сәйкес шартты деп белгіленді.

Мемлекетке келген 441 млн теңге шығын толық өндірілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталып, елорданың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың акцияларын заңсыз иемдену, оның ішінде ұрлау фактілері бойынша екі фактіге қатысты тергеуді аяқтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 6,6 миллиард теңгеден асады. Өткен жылдың 15 желтоқсанында қылмыстық іс айыптау актісімен бірге күдіктілерді сотқа тарту мәселесін шешу үшін прокуратураға жіберілген еді.

Гүлмира Сатыбалды бақылайтын «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығы мен мемлекеттік қызметкерлер де нысандар құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 30.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?