Categories: Қоғам

Заңға қатысты халық көп жіберетін үш қате

Қарапайым халық кейде заңды және өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, қателесіп жатады. Заңгер Бердімұрат Хасенұлы өзінің инстаграм парақшасында заңға қатысты халық жиі жіберетін үш қателікті айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Заңгер Бердімұрат Хасенұлының айтуынша, көпшілік адам мына қателіктерді жібереді:

1-қателік: оқымау. Қарапайым келісімшартты (договор) оқымау. Алдыңызға қағаз береді, «мына жерге қол қоясыз» деген кезде, көпшілік бірден сол жерге қол қоя салады. Не үшін қойып жатырсыз? Сол келісімге келісіп тұрғаннан. Кейін сол бойынша банк әрекет жасаса, артынан жылап қаласыз. Сол үшін келісімшартты екі жақтың келісімімен жасаңыз. Түсінбеген жеріңізді сұрауға ұялмаңыз.

2-қателік: банк қызметкерлерінен қорқу, олардың сіздің хақыңызға кіруіне жол беру. Банк қызметкерлері — қарапайым адамдар. Оларда да кредит бар, оларда да қарыз бар. Сізді балағаттауға, сіздің хақыңызға кіруге жол бермеңіз. Қорықпаңыз.

3-қателік: тек өзім деп шауып жүру. Проблема туса, тек өзіңіз емес, проблемаңызды шешетін адамдарға жүгініп, шаруаңызды оңай әрі тез шеше аласыз. Мәселе түріне қарай өз ісінің мамандарына жүгініңіз. Бірігіп көтерген жүк жеңіл.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

5 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

5 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

6 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago