Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жаңа мәліметтерді хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Гүлмира Сатыбалды мен оның адамдарына қатысты адам ұрлау және оны қамауда ұстау фактілері бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Зәбір көргендерге келтірілген шығын 6,6 млрд теңгеден асады.
Бұдан бөлек, ол өзінің бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» компаниясының басшылығымен және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен бірлесіп, құрылысқа бөлінген қаражатты жымқырған. Бірнеше объектілер бойынша орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем жүргізудің салдарынан мемлекетке 3,9 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Күдіктілер қамауда. Мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.