G20 министрлерінің Делидегі кездесуі: Блинкен мен Лавров он минуттай сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Делидегі «Үлкен жиырмалықтың» сыртқы істер министрлерінің кездесу алаңында шамамен 10 минут сөйлесті және осы уақыт ішінде Блинкен Лавровқа Америка Украинаға қанша қажет болса, сонша көмектесуге ниетті екенін және Ресейдің «Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту» шартын сақтауға қайта оралуы керек екенін тағы да ескертті, сондай-ақ Ресейде түрмеге отырғызылған америкалық азамат Пол Уиланды босатуды сұрады. Бұл туралы BBC жазды.

Мен сыртқы істер министріне өткен аптада БҰҰ-да мен және басқа да көптеген адамдар, бүгін де жиырмалықтың көптеген министрлері айтып жатқанды айттым: агрессивті соғысты тоқтатыңыздар, әділ және тұрақты бейбітшілікке әкелетін мағыналы келіссөздерге келіңіздер,

деді Энтони Блинкен журналистерге кездесуден кейін.

Ресей ресми түрде орындаудан бас тартқан стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту туралы шартқа қатысты Блинкен Лавровқа АҚШ кез келген сыртқы жағдайларға қарамастан, ядролық қаруды бақылау саласындағы келіссөздер мен әрекеттерге дайын екенін айтты.

Бұл соғыс басталғаннан бері Лавров пен Блинкеннің алғашқы кездесуі болды. Олар соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында Женевада сөйлескен.

Ресей СІМ өкілі Мария Захарова ешқандай келіссөздер болмағанын және Блинкеннің өзі сөйлескісі келгенін және оған Лавров келісім бергенін айтты.

Үндістан премьер-министрі G20 сыртқы істер министрлерін келіспеушіліктерді біраз уақытқа ұмыта тұруға шақырғанына қарамастан, Украинада жеріндегі соғыс бәрібір басты тақырыптардың бірі болды.

«Біз терең жаһандық алауыздық кезінде кездесіп жатырмыз», — деді Нарендра Моди және жиналған министрлерді ортақ тіл табуға тырысуға шақырды.

Дегенмен, үнді премьері мен оның командасының күш-жігеріне қарамастан, кездесу басталғанға дейін соғыс тақырыбы басым болды.

Бұл соғысты айыптау керек. Мен Үндістан өзінің дипломатиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ресейге бұл соғыстың аяқталуы керек екенін түсіндіре алады деп сенемін,

деді кездесудің ашылу қарсаңында Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель журналистерге.

Бұл ретте, сарапшылардың пікірінше, Делидің алдында қиын міндет тұр: бейтарап саясат бағытын ұстана отырып, басқа елдерді қақтығысты тоқтатуға ықпал ету.

Осы уақытқа дейін Үндістан Нью-Дели үшін қару-жарақтың негізгі жеткізушісі болып қала беретін Ресейге тікелей сын айтудан аулақ болды және Ресейдің агрессиясын айыптайтын қарарлар бойынша БҰҰ-ға дауыс беруден үнемі қалыс қалып жүрді.

Бұдан өзге, соғыстың басталуымен және Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуімен Үндістан Ресей мұнайын сатып алуды едәуір арттырды, бұл экономикасы үшін үлкен пайда әкеледі, өйткені ол мұнайды айтарлықтай жеңілдікпен сатып алады.

Моди алдын-ала атап өткендей, көптеген елдер Украинадағы соғысты айыптайды, алайда «жиырмалықтың» министрлерінің кездесуі туралы соңғы әсерді Ресей мен АҚШ-тың баспасөз мәслихаты қалдыруы мүмкін, бұл тағы да «жиырмалық» мүшелері арасындағы түбегейлі келіспеушіліктер сақталатынын көрсетеді.

Сонымен, Энтони Блинкен Үлкен жиырмалықтың кездесуі Ресейдің «арандатылмаған және негізсіз соғысының» көлеңкесінде қалғанын атап өтті, ал Сергей Лавров Батысты украин астығын экспорттауға мүмкіндік беретін келісімді «жерлеуге» тырысты деп тағы да айыптады.

Бүгінгі «үлкен жиырмалық» сессиясында Үндістан (қазір G20-ға төрағалық етеді) үшін азық-түлік қауіпсіздігі, даму және ынтымақтастық, терроризмге қарсы күрес және гуманитарлық көмек мәселелері талқыланады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

1 день ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago