Шетел басылымына шолу

Гавай аралындағы орман өртінен 101 адам қаза тапты

Гавай аралдарының билігі Мауи аралындағы орман өрті салдарынан қаза тапқан 101 адамның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды.

The Guardian басылымының жазуынша, орманның кейбір өртенген жерлері әлі толық ауыздықталмаған. Осы жолғы өрт АҚШ-та ғасырдан астам уақыт тіркелмеген көп адам өліміне себеп болды.

Қатты желдің салдарынан өрт Лахайна қаласын шарпыған. Өрт 13 мың тұрғыны бар қаланың барлық ғимаратын қиратқан. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр.

АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті зардап шеккендерді анықтау және қалдықтарды өңдеу үшін патологоанатомдар мен техниктер тобын, сонымен бірге тексеру үстелдерін, рентген аппараттарын және басқа да жабдықтарды жіберді. Қайтыс болған 101 адамның тек төртеуі ғана табылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago