Categories: Ғылым

Гавай аспанында «Матрицаның» жасыл сызықтары пайда болды

Қаңтар айының соңында «Субару» телескопының камерасы Гавайдың түнгі аспанында таңғажайып құбылысты түсіріп алған. Ғалымдар тексере келе мұның не екенін анықтады, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Science Alert порталына сілтеме жасап.

«Субару» телескопы Жапонияның Ұлттық астрономиялық обсерваториясы, ол сөнген Мауна-Кеа жанартауының шыңында орналасқан. Телескоп камерасы түсірген жасыл тізбектер бірінің артынан бірі аз уақытқа пайда болған. Осы бір «лазер шоуының» видеосы Желіде тараған соң, адамдар бұл құбылысты «Матрица» фильмінде экранда пайда болатын жасыл компьютерлік код жолдарымен салыстырды. Кейбіреулері тіпті бұл Жерді сканерлеп жатқан өзге ғаламшарлықтар болуы мүмкін деп болжады.

Белгісіз лазер сәулелері пайда болған соң бірнеше күн өткенде, Жапония ғалымдары бұл жасыл жарық ICESat-2 деп аталатын NASA ғарыштық спутнигінің жұмысынан шыққан болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл спутниктегі радиолокациялық құрылғыдан шыққан сәулелер екен.

Кейінірек ICESat-2 ұшу траекториясын зерттей отырып, ғалымдар бұл құбылыс басқа ғарыш аппаратының — қытайлық Daqi-1 спутнигінің жұмысының салдары болды деген қорытындыға келді. Оның ICESat-2 спутнигіне ұқсас құрылғылары бар.

Бұл спутник былтыр сәуірде жердің атмосферасын және әсіресе оның ластану деңгейін зерттеу үшін Жер орбитасына ұшырылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago