Қала тұрғыны газ құбырларынан кернеу гайкаларды ұрлап жүрген. Бұл туралы Pkzsk.info хабарлады.
Мұның бәрі петропавлдықтардың қаланың жекелеген аудандарындағы өткір газ иісіне байланысты дабыл қағуынан басталды. «Горгаз-сервис» ЖШС мамандары тексеріс нәтижесінде үйлерге көгілдір отын жеткізетін газ құбырларының қола кернеу гайкаларының жоғалғанын анықтаған. Олардың құны 11 мың теңгеден басталады.
ЖШС күзет қызметінің өтінішінен кейін полиция істі қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 26 жастағы қала маңының тұрғыны анықталды. Бұған дейін жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұрланған заттардың бір бөлігі металл қабылдау пунктінен табылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол гайкаларды саусағымен бұрап тексеріп көрген және газдың шығуы мүмкін екенін ойламай, оларды шешіп алып кеткен.
Барлығы 30 эпизод болды. Кәсіпорын 896 мың теңгеге арыз берген. Сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігі «Ұсақ ұрлық», сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша іс материалдары жіберілді. Жас жігіт екі жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды.
деп хабарлады Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.