Газа секторында қалып қойған қазақстандықтарды Египет арқылы елге қайтару қарастырылып жатыр. Бұл туралы Сенатта ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров мәлімдеді.
Ол Газа секторынан азаматтарды эвакуациялау қазір өте қиын міндет екенін атап өтті. Бұл аймақ қазір жаппай бомбалануда. Аумақ арқылы өтетін жалғыз жол — Рафах — жабық.
Сондықтан біздің тарапымыздан дипломатиялық өкілдіктер Газа аумағында жүрген азаматтарымызбен үнемі байланыста. Біз Египет үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Азаматтарымызды осы аймақтан шығаруды қамтамасыз ету үшін осы аймақтағы басқа да шенеуніктермен жұмыс істейміз,
деді Омаров.
Ол сондай-ақ Газа секторының аумағынан бейбіт азаматтарды шығару мәселесімен 45 ел айналысып жатқанын, бірақ әзірге сәтсіздікке ұшырап жатқанын айтты. Олар әзірге тек гуманитарлық көмек көрсете алады.