Германия қазақстандық мұнайға ауысқысы келеді

Ресей мұнайынан бас тартуына байланысты 2023 жылы осы сценарийге көшуі мүмкін.

Rosneft Deutschland «Роснефть» еншілес компаниясы Германия экономика министрлігінің басшылығына Ресей мұнайының орнына Қазақстан мұнайын сатып алуды ұсынды. Бұл туралы РИА Новости Шығыс Германия мен Берлиннің бизнес қауымдастықтарының бірлестігінде хабарлады. 

Мәлім болғандай, Қазақстаннан мұнайды Германияның Шведт қаласындағы МӨЗ-на «Дружба» мұнай құбыры арқылы эмбарго режиміне түспей тасымалдау жоспарлануда.

Росток қаласынан құбыр арқылы мұнай жеткізумен қатар, мұнай өңдеу зауытының жұмысы 100% қамтамасыз етілуі мүмкін,

делінген мәлімдемеде.

Украинада соғыс басталғаннан кейін Еуропа елдері Ресейге қарсы санкциялар сала бастады. Санкциялардың алтыншы пакеті мұнай импортына эмбарго енгізуді көздейді, бұл тек теңіз арқылы жеткізілімдерге әсер етеді.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, «Дружба» құбыры арқылы келетін мұнай шектеулерге ұшырамайды. Осыған қарамастан, неміс билігі 2023 жылдың ақпанына дейін ресейлік мұнай құбырларынан бас тартуға дайын екендерін білдірді.

Шілде айының басында Краснодар аймақтық соты Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдауға тыйым салуын алып тастады. Миллиондаған шығынды 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

15 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

16 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago