Германияда төңкеріс жасамақ болған 25 күдікті ұсталды. Оның 22-і террористік ұйымға мүше, үшеуі ұйымның жақтастары болды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Арнайы операцияға күштік құрылымның 3000 қызметкері қатысқан. Олар Баден-Вюртемберг, Бавария, Гессен, Төменгі Саксон, Австрияның Китцбюэл және Италияның Перудж аумағындағы 137 үйге тінту жүргізген.
Федералды прокуратура «рейхсбюргерлер» террористер желісінің өкілдеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар конституциялық билік органдарына қарулы шабуыл жасамақ болды
деді Германия әділет министрі Марко Бушман.