Фото: ашық дереккөзден
Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы елімізде көп әйелдің денсаулығына салғырт қарайтынын айтып қынжылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тележүргізуші әлеуметтік желіде өзіне көп хат келетінін айтты. Оның басым көпшілігі әйелдерден.
Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. “Мен күйзелістен қалай шықсам болады”, “шаршап жүрмін” деген сарында… Ал ең жүйкем ауырып, іштей аяйтын хат – денсаулыққа қатыстылары. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Немесе қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да арамызда жоқ емес.
Өйткені, баланы қарайтын, үй-ішіне шай беретін адам керек. Денсаулығы кетіп бара жатыр, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты “ысырап болмасын” деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де, соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмеген жандар бар.
Денсаулыққа баса назар аудару керегін айтқан Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге кеңес берді.
Бірақ бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір – денсаулық. Айтқым келгені, иә, көптеген ірі-ірі форумдарға, бизнес-форумдарға, шараларға спикер ретінде шақырып жатады. Бірақ қандай сахнада тұрсам да, кімнің алдында сөйлесем де үнемі бірінші денсаулық жайлы сөз етемін.
Әсіресе әйелдің саулығы. Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді. Құрметті құрбым, құрдасым, сырласым, сіңлім, әпкем, жеңгем! Басыңыз “жәй ғана” шағып ауырса да, ішіңіз бұраса да, аяғыңыз тоңса да, почкаңыз маза бермесе, щитовидка проблема болса, дәрігерге қарай ұшыңыз. Ағзаңыздағы кез келген ыңғайсыздықтың арты жақсылыққа апармайды, жандарым,
деп жазды тележүргізуші.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…