Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > Голливуд бәйгеге түсіп жүрген қазақ қызы жайлы фильм түсіреді
Атақ және ақша

Голливуд бәйгеге түсіп жүрген қазақ қызы жайлы фильм түсіреді

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 17.11.2023
Обновлено 17.11.2023 в 10:11
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Голливудтық компания Қазақстанда фильм түсіреді.

Белгілі америкалық компания алдағы уақытта фильмдер түсіру үшін Грузия және Қазақстан киномамандарымен одақ құрады. Тараптар басты рөлдегі актриса таңдалғанын, фильм түсіруге дайындық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Телешоу және кино түсіру бойынша ынтымақтастық қос елдің ұлттық мәдениетін дәріптеп, аймақ экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген сенім мол. Алғашқы фильмді Қазақстанда түсіру жоспарланып отыр.

Америкалық WonderHill Studios компаниясы Қазақстан және Грузия елдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Салтанатты іс-шара Цинандали қаласында өтті.

COVID-19 кесірінен студиямыз фильм түсіруді тоқтатып, телебағдарлама өндірісіне ден қойды. Бәрі америкалық көрермен арасында кеңінен танылды. Қазір қайтадан кино түсірілімін қолға алып жатырмыз. Осы ретте Грузиямен серіктестік орнатуды жөн көрдік. Қазақстан да біздің жобаларға қатысуға дайын. Меніңше, мұндай ынтымақтастық аймаққа жаңа мүмкіндіктер ашады,

деді Марвин Пирт, WonderHill Studios компаниясының бас директоры.

Алғашқы бірлескен көркем фильм Қазақстан мен АҚШ-та түсіріледі. Туындының желісі ерлер арасындағы бәйгеде бас жүлдені қанжығасына байлаған тұңғыш қазақ қызы жайлы өрбиді.

Мен Қазақстанның біраз өңіріне саяхаттап, түрлі адамдармен таныстым. Олардан қазақ халқының салт-дәстүрі туралы көп нәрсе білдім. Фильм түсіруге болатындай оқиғалар мен әңгімелер естідім. Сол кезде бәйге дәстүрі мен адамдардың өмірлік құндылығы туралы толыққанды фильм түсіруге болады деген ой келді. Меніңше, АҚШ-та бәйгеге түсіп жүрген қазақ қызы жайлы шығарма америкалықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын,

деді сценарист Том Тичолз.

Фильмнің сценарийі дайын. Қазір әртістер іріктеліп жатыр. Басты рөлді АҚШ-тағы қандасымыз Аянат Кісенбай сомдайды. Актер қалың көрерменге «Көшпенділер», «Ләйләнің зары» фильмдері арқылы таныс.

Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің арқасында кішкентай кезімде «Ләйләнің зары» фильміне түсу бақыты бұйырды. Сол кезден бері қазақ пен Голливуд киносының бірлесіп жұмыс істеуін армандап келдім. Америкада ұзақ жылдар бойы өмір сүріп келсем де, осы арманым жақында орындалатын сияқты,

деді актриса Аянат Кісенбай.
«Көшпенділер» фильмі.

Фильмнің бюджеті – 45 миллион доллар. Туынды келесі жылы түсіріледі. Соның арқасында 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Геосаясат, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 17.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?