Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Голощекин қалайша «қуғын-сүргін құрбанына» айналды?
Руханият

Голощекин қалайша «қуғын-сүргін құрбанына» айналды?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 27.03.2023
Обновлено 27.03.2023 в 09:03
Поделиться
Поделиться

90 жыл бұрын тарихымыздағы ең зұлым қайраткерлердің бірі – Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Шая Ицикович (Филипп) Голощекин Қазақстандағы қызметін аяқтап, Мәскеуге кеткен еді. Бірақ көп ұзамай репрессияға ұшыраған оның кейіннен қуғын-сүргіннің құрбанына айналғаны таңғалдырады.

1933 жылғы ақпанда «Казакстанская правда» газетінде Голощекиннің Қазақстаннан Мәскеуге кетуіне арналған мақала жарық көрді. Басылым партияның адал жауынгерінің революцияға бар ынта-жігерімен қызмет еткені, индустрияландыру және ұжымдастыру саясатын қалай жүзеге асырғаны туралы тебірене жазған еді. Расында оның Қазақстанды индустрияландыру процесіне қандай да бір оң ықпал тигізгенін мойындау керек – Түрксіб әлі күнге дейін елдің ең маңызды көлік магистралі болып табылады. Аталған мақалада Риддердегі полиметалл комбинаты мен Қарағанды көмір бассейні туралы да жазылды.

Голощекиннің республикада ұжымдастыру саясатын асқан қатігездікпен жүргізгені бәріне белгілі. Витебск губерниясы Невель ауданының тумасы, кедей еврей отбасынан шыққан Шая Ицикович Голощекин (кейіннен есімі Филипп Исаевич болып өзгерді) 1917 жылға дейін кәсіби революционер болды, одан кейін Уралда жұмыс істеп, патшаның отбасын атуға қатысты. Ал 1925 жылы Сталиннің тапсырмасы бойынша қазақстандық партиялық ұйымды басқарды.

Бұл туралы «Казправда» былай деп жазады: «Жолдас Голощекиннің басшылығымен Қазақстанның партиялық ұйымы қазақ ауылына машиналық техниканы енгізу және ұжымдастыру негізінде көшпелі қазақ шаруашылығын орнықтыру жөніндегі тарихи маңызды іс-шараларды сәтті жүргізуде». Бұл партиялық анықтаманың астарында не жатқаны бүгінде бізге анық түсінікті.

Түрлі санақтарға сәйкес, ұжымдастыру, мүлікті тәркілеу, шаруалардан азық-түлікті күштеп тартып алу салдарынан 1-ден 3 миллионға дейін адамның өмірі қиылды. Сонымен қатар, Моңғолия, Қытай және КСРО-ның басқа да республикаларына бірнеше жүз мың қазақ қоныс аударып кетті. Голощекиннің халыққа қарсы шараларды күшейтуді жеке өзі талап еткені белгілі.

Жалпы, Голощекиннің Қазкрайкомның басшысы қызметіне кіріскен 1925 жылғы және оның отставкаға кеткен 1933 жылғы ҚазКСР-ді салыстырсақ, бұл тіпті, екі түрлі ел болғанын байқаймыз.

1925 жыл – ұлттық мәдениеттің өрлеуі, қазақ зиялыларының революцияға дейінгі толқынының (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов және басқалары) белсенді жұмыс істеп, оқулықтар жазып, журналдарда жарияланып, кітаптар шығарып, қоғамдық пікірталастарға қатысып жүрген кезі. Белсенді қоғамдық және ағартушылық жұмыстар жүргізіп жатқан шақтары. Ал 1933 жылға қарай олардың көпшілігі түрмеге тоғытылып, үндемеуге немесе партияның басты бағытына сәйкес жұмыс істеуге мәжбүр еді. Жалпы, сол кезде еркін ойлайтын зиялы қауым өкілдері сиреп кеткен тұғын.

1925 жыл – жаңа экономикалық саясаттың толық күшіне енген кезі, азаматтық соғыстан кейін құлдыраған экономиканың қалпына келіп жатқан уағы.            Ол кезде жеке бастамалар ауыл шаруашылығын, тұтыну нарығын аяққа тұрғызды. Ал 1933 жылы елде ашаршылық белең алып, халық азық-түлікті карточкалармен ала бастады.

Билік 1925 жылы дінге оң көзқарас танытатын. Мұсылмандық кешегі патшалық деспотизмге қарсы одақтас ретінде қарастырылды. Мешіттер мен медреселер еркін жұмыс істеді, ауылдарда би соты төрелік етті. Ал православиенің жағдайы қиынырақ болды – большевиктер билікке келген алғашқы күннен бастап-ақ оларды қудалай бастады. 1920 жылдардың ортасында шіркеу қудалауға ұшырағанымен, салыстырмалы түрде еркін діни қызметін жүргізе алды. 1930 жылдары билік шіркеулерді белсенді түрде жаба бастады. Кейбірі Алматыдағы Вознесенский соборы сияқты кітапханаларға, концерт залдары мен мұражайларға айналды. Көптеген ғибадатханалардың орнына қоймалар немесе көкөніс базалары салынды. Ал кейбіреулері Алма-Ата Покровский соборы (қазіргі Мүсірепов атындағы ТЮЗ), Алексеевский соборы (қазіргі Астана алаңының орнында) өзбек және дүнген мешіттері секілді толығымен бұзылды.

Мұның барлығы газетте «ұлы держава мен жергілікті шовинизмнің көріністеріне, кулачествоғы қарсы аяусыз күрес» ретінде сипатталды.

Қазақстаннан кеткеннен кейін Голощекин тағы бірнеше жыл КСРО Бас мемлекеттік төрешісі болып жұмыс істеді, ал 1930 жылдардың аяғында заманындағы көптеген партияластарының күнін кешіп, қуғынға ұшырап, қамауға алынады. 1941 жылы Куйбышев маңында атылды.

Ал енді Ежов, Ягода, Берия, Меркулов, Абакумов сияқты сол кездің қанішерлерінің ішінде Голощекиннің «қуғын-сүргін құрбаны» ретінде ақталуы ақылға қонбайтын мәселе.

ТЕГи: Қазақстан
Арман Ерғалиев 27.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамБілімРуханият

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

26.09.2025
ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?