Грекиядағы пойыз апатынан 43 адам қаза тапты

Грекиядағы пойыз апаты мамандардың жауапсыздығынан болған. Ал апаттан қаза тапқан жолаушылардың саны 43 адамға жетті.

BBC агенттігінің хабарлауынша, ел билігі алапат пойыз апаты адам қателігінен болған деп жариялады. Бір бірімен бетпе-бет соқтығысқан пойыз апатынан соң алғашқы шенеунік те қамауға алынды. Қайғылы жағдай адам қателігінен болды деп мәлімдеді Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис.

Өкінішке қарай, бұл қайғылы жағдайдың бәрі адам қателігінен болғанын көрсетеді. Сот төрелігі өз жұмысын атқарып, кінәлілер жауапқа тартылады,

деді Үкімет басшысы.

Грекиядағы бұл апат теміржол саласында бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай деп саналды. Жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуынан соң Көлік министрі Костас Караманлис отставкаға кететінін жариялады.

Осындай қайғылы оқиғадан кейін ештеңе болмағандай жүру мүмкін емес,

деді ол.

Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды. Афина мен елдің солтүстігіндегі Салоника қаласын жалғайтын темір жолдағы пойыздардың соқтығысуынан көбінесе студенттер қаза тапқан.

Екі пойыздың бір жолмен не себепті қарама-қарсы бағытта жолға шыққаны белгісіз. Апат болған жерге жақын орналасқан Лариса станциясының бастығы қамауға алынды. Көптеген студенттер ұзақ демалыстан соң Салоникиге оралып жатқан. Олар Грекиядағы мемлекеттік мерекені қалада қарсы алмақ болған.

Құрбан болғандардың көпшілігі – жастар. Апаттан кейін елдегі темір жол рельстерінің ескіргені туралы дау туындады. Машинистер одағының президенті Костас Генидуниас Грекияның негізгі екі қаласын байланыстыратын бұл желіде қауіпсіздіктің жоқ екенін айтып, билікті айыптады.

Екі пойыз да бір-біріне қарсы сағатына 160 шақырым жылдамдықпен келіп соқтығысқан. Соқтығысудың қатты болғаны соншалық, екі құрамның дөңгелектері мен бөлшектері ондаған метрге ұшып кеткен. Жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып қана қоймай, өртке оранған.

Грекияның теміржол қызметкерлері кәсіподағы бүгін апатқа байланысты 24 сағаттық ереуіл өткізбекші. Кәсіподақ жетекшілері апатқа бұрынан шешілмей келе жатқан проблемалар мен көптеген факторлардың, соның ішінде қызметкерлердің жетіспеушілігі мен жұмыс істемейтін жабдықтардың себеп болғанын айтады. Грекияның теміржол қызметкерлері 2000 жылдан бастап билік жаңа электронды қозғалыс қауіпсіздік жүйелерін орнатуға 20 миллиард еуродан астам қаражат жұмсады деп мәлімдеді. Бірақ жоба ешқашан жүзеге асырылмаған және жабдық жұмыс істемеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

13 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago