Ақпан айының басында «Грэмми» марапатына екі мәрте ұсынылған әнші N’Kenge қазақстандық Алексей Чжен тіккен көйлекпен қызыл кілемге шықты, деп хабарлады Kazakhstan Fashion Week басшысы Ботагөз Алдонгарова. Алексей Чжен – AlexChzhen брендін ұсынып жүрген дизайнер, қазақстандық сән апталығының арт-директоры.
«Алексейдің N’Kenge-мен ынтымақтастығының басталуы Алматыда, әншінің менеджері Дэвид Валермен танысу кезінде болды. Кездесуде болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды, оның барысында Дэвидке қызықты идея келді, — деді Ботагөз Алдонгарова. – Сол кезде оның әншісі N’Kenge Грэмми сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды. Дэвид өз әншісінің әлемдегі ең ірі және табысты музыкалық іс-шараға қазақстандық дизайнердің көйлегін киіп шықса керемет болады деп ойлады».
Чжэн Валердің ұсынысын ыждаһаттықпен қабыл алды.
«Дэвид маған N’Kenge үшін қызықты көйлек жасауды ұсынды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені «Грэмми» номинантын бұған дейін ешбір қазақстандық дизайнер киіндірген емес. «Made in KZ» деген белгімен көйлек тіккенімнен бойымды мақтаныш билеп, жігерлендірді. Бұл оқиға біздің қазақстандық дизайнерлер үшін стимул болады деп үміттенемін, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық пен баспасөз Қазақстанда талантты және қызықты адамдардың қаншалықты көп екенін көреді деп сенемін», — деп келтірді Алексей Чженнің сөзін Ботагөз.
Әнші үшін арнайы екі эскиз жасалды: фуксия түсті кешкі көйлек және сары коктейль көйлек.
Оның айтуынша, Валер қазақстандық дизайнердің жұмысын қатты ұнатып, көйлекті «керемет» және «шедевр» деп атады.
Өз кезегінде әнші N’Kenge де дизайнердің жұмысына жоғары баға берді, деп атап өтті Алдонгарова.
N’Kenge бродвейлік «Caroline, or change» альбомына қатысқаны үшін «Грэмми» номинациясына іліккен болатын. 65-ші жыл сайынғы Грэмми марапаттау рәсімі 2023 жылдың 5 ақпанында Лос-Анджелесте өтті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…