Categories: Оқиға

Грузияда қазақстандық журналистің денесі табылды

21 мамыр күні Грузияның Телави қаласында қазақстандық журналист Жанбота Төлеген кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы әлемжеліде оның әріптесі Нәзира Дәрімбет хабарлады.

Жанбота Төлеген 19 мамырдан бері байланысқа шықпаған. Үйіне іздеп барған әріптестері журналисті таба алмағанын айтады.

Жанботаны 21 мамыр күні Грузияда Телави қаласында өлтіргенін сыныптастары хабарлады! Бір айдан бері байланысқа шықпай қалып еді. Онымен бір жобамыз бар еді, ол маған бір нәрсені аударуға көмектесті. Ал біз онымен бұл жобаны әлі аяқтаған жоқпыз. Ол бәрін мұқият, жақсы аударған, ол сауатты адам, орысша- қазақша жазады. Жанбота Төлегенді білетіндеріңіз бар шығар. Ол журналист – біздің әріптесіміз. Мен енді не ойлайтынымды білмеймін. Ол менімен соңғы рет 19 мамырда WhatsApp арқылы хабарласқан болатын,

деп жазған Нәзира Дәрімбет.

Нәзира Дәрімбеттің хабарлауынша, қазір Жанбота Төлегеннің өліміне кінәлі адам анықталып, қамауға алынған. Журналистің денесі Қазақстанға әкелініп, Астана маңындағы Қоянды ауылында жерленді.

Оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago