21 мамыр күні Грузияның Телави қаласында қазақстандық журналист Жанбота Төлеген кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы әлемжеліде оның әріптесі Нәзира Дәрімбет хабарлады.
Жанбота Төлеген 19 мамырдан бері байланысқа шықпаған. Үйіне іздеп барған әріптестері журналисті таба алмағанын айтады.
Жанботаны 21 мамыр күні Грузияда Телави қаласында өлтіргенін сыныптастары хабарлады! Бір айдан бері байланысқа шықпай қалып еді. Онымен бір жобамыз бар еді, ол маған бір нәрсені аударуға көмектесті. Ал біз онымен бұл жобаны әлі аяқтаған жоқпыз. Ол бәрін мұқият, жақсы аударған, ол сауатты адам, орысша- қазақша жазады. Жанбота Төлегенді білетіндеріңіз бар шығар. Ол журналист – біздің әріптесіміз. Мен енді не ойлайтынымды білмеймін. Ол менімен соңғы рет 19 мамырда WhatsApp арқылы хабарласқан болатын,
деп жазған Нәзира Дәрімбет.
Нәзира Дәрімбеттің хабарлауынша, қазір Жанбота Төлегеннің өліміне кінәлі адам анықталып, қамауға алынған. Журналистің денесі Қазақстанға әкелініп, Астана маңындағы Қоянды ауылында жерленді.
Оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.