«Хабар24» телеарнасының бас редакторы болып Александр Журавлев тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігі басқарма басшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Александр Журавлев — отандық медиа сферасы дамуына үлкен үлес қосқан танымал журналист. Әскери корреспондент ретіндегі тәжірбиесі мол. Журналистика саласындағы 20 жылдық жұмысында «Халық қалаулысы» конкурсы лауреаты, 2011 жылы «Үздік телевизия журналисі» болды,
деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Оның айтуынша, Александр Журавлев журналист ретіндегі карьерасын Қостанайдағы «25 канал» телерадиокомпаниясынан бастаған.
Содан кейін «Хабар24», «Астана», «7-арна» телеарналарында авторлық бағдарлама жүргізген және «Тенгриньюс» ақпарат порталында істеді. Қазіргі жаңа қызметіне дейін «Дневная смена» жобасын жүргізді.