Түркіменстан билігі халық саны жеті миллионнан асқанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар бұған күмәнмен қарайды.
14 шілдеде Мемлекеттік статистика кометитетінің төрағасы Довлатгелди Аманмухамедов түркіменстандықтардың саны 7 миллион 57 мың 841 адамға жеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, азаматтардың 50% көбі әйелдерді құрайды. Халықтың 47% қалада, 53% ауылда тұрады.
Түркіменстанда соңғы 16 жылдан бері халықтың саны туралы ресми мәлімет жарияланған емес. Соңғы рет 2006 жылы елде 6,7 миллион адам бар екені айтылған.
Бірақ үкіметке жақын дереккөздер былай дейді:
- Билік «Түркіменстан – Орталық Азиядағы ең аз халық» деген пікірден арылу мақсатында халықтың санын көбейтіп жариялайды.
- Бейресми дереккөздер халық саны 5 миллионға да жетпейді деп есептейді.