Оқиға

Халықаралық мектепте 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады

Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғанын мәлімдеді.

Жекеменшік мектепте оқитын баласының зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жазды.

12 қыркүйек күні ұлым мектептен шалбары жыртылып келді. Келесі күні оны тігейін деп отырғанымда, көзім ақ дақтарды шалып қалды. Сол кезде баламның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсіндім, жанымда үлкен қызым болған. Екеуміз полиция шақырдық,

дейді әйел.

Айтуынша, ұлы не болғанын айтпаған, бірақ оның психологиялық жағдайы 15 қыркүйектен бастап қатты нашарлаған. Ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көріп, агрессияға жиі берілетін болған. Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Қылмыстық іс Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауда,

деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

ҚР Қылмысты-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.

Бұл ретте «Немолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі арада 2 апта өтсе де, полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарымен асықпайтынын жазды.

Зорлыққа ұшыраған баланың анасы тек 13 қыркүйек күні қорға жүгінген. Қоғамға жайып салғысы келмеген. Енді сұмдық жайтты бүкіл ел білді. Видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Дина Таңсәрі Бас прокуратура мен балалардың құқығын қорғау органдарын тергеу жұмыстарына белсенді ат салысып, бақылауға алуларын сұрады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago