Қазақстандықтар жас депутатты әскерге жіберуді талап етіп жатыр. Көпшілікке мәлім болғандай, ол қоғамдық қызметпен айналысамын деп жүріп, әскери қызметін өтеуді ұмытып кеткен.
Қазақстандықтар жаңа петиция төңірегінде жанданды. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің ең жас депутаты Мәди Ахметов әскерде қызмет етпегені айтылған. Осыған байланысты петиция авторы мәжілісменді Отан алдындағы борышын өтеуге шақырды. Депутат Мәди Ахметов 18 қыркүйек 1995 жылы туған, қазір 26 жаста. Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығында әскер қатарына шақырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес сарбаздар мен кіші сержанттар құрамының әскери қызметіндегі әскери қызметшілердің шекті жасы — қырық бес жас.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан Заңға сәйкес азамат Ахметов Мәди Абылайұлын әскерге шақыруды талап етеміз,
делінген петицияда.
Осы оқиғалар аясында әлеуметтік желілерде Ахметовке қолдау көрсетушілер жоқтың қасы.
Оның басқалардан несі артық, әскери борышын өтесін
Яғни ол әскери комиссариаттан жасырынып жүр ме?
Міне, бар сұраққа жауап! Біреу әскерде қызмет етуді борыш санайды, ал біреулер мұны сезінбейді де
Мәди Ахметов қалай танымал болды?
Мәжіліс депутаты лауазымына тағайындалғанға дейін Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарды. 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы өткізу кезінде 500 еріктінің жұмысын үйлестірді. «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша 200 жасотандық еріктінің жұмысын үйлестірді. Сондай-ақ Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге және Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты.
«Халық алғысы» медалімен, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен (2016 және 2020 жылдары), сондай-ақ Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хатпен марапатталған.
Алайда нағыз танымалдылық депутатқа 2019 жылы келді. Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік қызметіне 30 жыл толуына арналған «Көшбасшылықтың 30 жылы» атты Халықаралық ғылыми конференцияда Ахметов оған ескерткіш орнатуды ұсынды. Осыдан кейін жас саясаткерге халықтың көзқарасы түрліше өрби бастады.