Шілде айының ақпарат алаңында микроқаржы ұйымдары саласы ерекшеленді. 30 күн ішінде мұндай ұйымдар туралы бірде-бір оң, тіпті бейтарап пікір айтылған жоқ. Бәрі — негатив пікір.
Несие беретіндерді ешкім жақтырмайды
ALEM RESEARCH аналитикалық компаниясы мәліметінше, 27 маусым мен 27 шілде аралығында БАҚ пен әлеуметтік желілерде микрокредит тақырыбы небәрі 55 рет айтылған. Дегенмен, аналитиктер қаржы жүйесінің бұл саласы пайда болып, дамуды бастай сала ауызға ілігуге тырысқанын айтады. Енді кейбір жағдайды қоспағанда, ол жұртшылықтың назарынан тыс қалуға тырысады, бірақ бәрібір аты әйгілі болып кетті. Түрлі ақпарат көзі мәліметінше, МҚҰ клиенттері халықтың 15-20 процентіне тең.
Өзі туралы айтылғанын қаламау себебі түсінікті де. ALEM RESEARCH мониторинг бөлігінің нәтижесі микрокредит кеңселері туралы кез келген сөз негативке толы екенін көрсетті. Бұл негатив проценттің тым жоғары екеніне және кредит клиенттің төлей алатын-алмайтынына қарамастан оңай берілетініне қатысты. Нәтижесі сол, қарыз ауыртпалығының бір бөлігін қарыз алушының туыстары көтеруіне тура келеді.
Шілде айы да шет қалмады — микрокредиттер мен оған қатысты ұйымдар туралы 55 сөздің бәрі негатив реңкте жазылған.

Студенттерді қорғаймыз
Шілдедегі негатив толқынын БАҚ көтерді, ал ресми басылымдар әлеуметтік желілердегі жазбаларды ғана бөлісіп отырды. Маусым айының соңғы күндерінде ақпарат өрісіне микрокредит берушілердің пайыз деңгейі төмен болуы мүмкін екені туралы қысқа ақпараттар шықты. Айта кетейік, МҚҰ сыйақысын шектеу мәселесі бірінші жыл айтылып тұрған жоқ. Дегенмен зияны жоқ болып көрінетін хабарлама жағымсыз комментарилер толқынын тудырды.
Бұл ақпарат бес рет қайта жарияланды. Ал әлеуметтік желілер тыныштала бастағанда өзін экономист деген блогерлердің бірі пост жазды. Ол түрлі дереккөзге сілтеме жасай отырып, микрокредиттер және студенттер деген мәселе көтерді. Атап айтқанда, ол несие алушылардың жасын ұлғайтуды қайта қарау қажет екенін айтты. Ата-анасының есебінен күн көріп жүрген студенттер жасырын түрде айфон және басқа да қымбат заттарды кредитке алады да, кейін коллекторлар студенттің туыстарына хабарласады. Бұл тақырыпты кейін блогерлер қайта-қайта жариялап, мәселе үш рет көтерілді.
Комментарий саны мен реңкіне қарағанда, жұмыссыз жастарға несиені берудің бақыланбауы қоғамдағы аса өзекті мәселе екені байқалады.

Мәжбүрлі махаббат па?
Дегенмен әлеуметтік желілер микрокредит ұйымдарын қалай сөксе де, микрокредит күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. LS порталы Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасай отырып, мынадай цифрлар жариялады:
- әр 80 мыңыншы адамға бір МҚҰ-дан келеді;
- 2022 жылғы 1 маусымда Қазақстан азаматтары МҚҰ-ға 916 млрд теңге қарыз болды;
- жарты жылда халықтың қарызы 16%-ке, ал 12 айда 61%-ке өсті;
- жыл басынан бері 90 күннен астам мерзімі өткен несие көлемі 25,6%-ке өсті.