Фото: ашық дереккөзден
Тұтынушылық несие көбейді. Елде жыл басынан бері тұтынушылық несие көлемі 16,5 пайызға артқан, деп хабарлайды Хабар 24.
Президент биылғы Жолдауында ахуалды түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауатын арттыру маңызды.
Иә, кредитсіз адамды кездестіру қиын қазір. Ресми дерекке сүйенсек: елде 7 млн 283 адамда несие бар. Бас-аяғы 15 трлн теңге қарызбыз. Соның ішінде тұтынушылық несие жыл ішінде 16 жарым пайызға артып отыр – биыл ол 9 трлн теңгеге жетті.
Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл халықтың несиеге әуестеніп кеткеніне алаңдайды.
Көп жағдайда банктік ұйымдар, микроқаржылық ұйымдар қандай мүмкіндік бар екенін айтпайды халыққа. Кредитті өтеудің рестроктуризация жолы, сондай түсінік бермейді. Олардың құзыретіне кірмейді дейді кейбір кезде. Келісімнің ерекшеліктерін көрсетпейді. Осының бәрін халыққа түсіндіру керек, қандай мүмкіндігім бар, қандай құқым бар соның бәрін түсіндіруіміз керек,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл.
Елде 1 млн-ға жуық адам несиесінің төлем уақытын үш ай өткізіп алған. Иә, қарыздың күліп келіп, жылап қайтатыны жайында мамандар да ескертіп жатыр. Қалай болғанда да жауапкершілік жүгі өзімізге түседі. Сондықтан несие деп жүріп қолдағы бар несібемізден айырылып қалмайық.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…