Қаншама жылдар бойы бірінші орынды Қытай ұстап келген еді. Біріккен Ұлттар Ұйымы халық саны бойынша бірінші орын Үндістан болғанын хабарлады.
2023 жылы Үнді халқы 1 миллиард 423 миллионға өскен. Ал, Қытай халқы 1 миллиард 411 миллион болып, екінші орынға түсті. Бұл елде 100 әйелге 105 ер адамнан келеді. 1970 жылдары енгізілген «бір отбасы – бір бала» саясатының аяғы осындай мәселеге әкеліп соққан.
Ал біздің еліміз халық саны бойынша 62-ші орында тұр.