Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Халықты қатырып, пеш үстінде рахаттанған кімдер?
Қоғам

Халықты қатырып, пеш үстінде рахаттанған кімдер?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.12.2022
Обновлено 06.12.2022 в 04:12
Поделиться
Фото: globalnews.kz
Поделиться

Биыл, бейбіт заманда, айдың-күннің аманында қазақстандық жылу жүйелері бірінен соң бірі жарылып жатыр. Назар аударатын жайт, оқиғалардың бәрі дерлік жеке қолдағы жылу-электр орталықтарында (ЖЭО) болған. Жылу қуатының бүкіл жолында – өндірістен тұтынуға дейінгі аралықтағы барлық инженерлік құрылғы мен жабдықтар көнерген, технологиялық тұрғыдан ескірген. Олигархтар салаға жеткілікті инвестиция салмай, ЖЭО-лардың әлеуетін сарқа пайдалануға, ылан-ойран пайда табуға әуес. Енді оны мемлекетке кері өткізе салып, бар ауыртпалығын елге салмақшы, деп жазады Аikyn.kz.

Қазір Қазақстан қалаларының коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің орта есеппен 75%-ы ауыстыруды, не толық жаңартуды талап етеді. Соның ішінде, аудандық жылу желілерінің 80%-ы ескірген, бұл жылу энергиясының үлкен көлемде шығындалуына соқтырып отыр. Моно және шағын қалаларда инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі қанағаттанарлықсыз. Су, кәріз, жылу және электр желілері жоғары деңгейде тозған және айтарлықтай қаржылық инвестицияларды қажетсінеді. Бұл Дүниежүзілік банк консультанттарының пікірі.

Ал Қазақстандық электрэнергетикалық қауымдастығының мәліметінше, ел халқының 70%-ы орталықтандырылған жылумен жабдықталған. Яғни, бір жағынан, пеш жағуға мәжбүр отбасылардың азаюы қуантады. Екінші жағынан, егер орталықтандырылған жүйелерде апат жиілесе, онда жылусыз қалатын шаңырақтар саны да күрт артатыны байқалады. Бұл ретте қауымдастық ЖЭО, қазандықтар, жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдықтары тозудың жоғары дәрежесіне жеткенін ескертті.

Бұл байламды Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті растады. Ресми дерек бойынша елімізде барлық ЖЭО-лардың негізгі жабдықтарының тозуы орта есеппен 55,42%-ды құрайды. Жылу трассаларының тозуы ел бойынша 59%-дан асты. Жамбыл облысында – 89,3%-ға жеткен. Демек, ол өңірде де сақ болған жөн.

Қазақстан халқын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері депрессивті техникалық жай-күйге жетті: жылу өндіруден бастап, тұтынуға дейінгі жылу энергиясының барлық жолында көнерген, технологиялық ескірген инженерлік жабдық қолданылады. Салдарынан пайдалы әрекет коэффициенті өте төмен: қазандықтарда бұл көрсеткіш – орта есеппен 75%, ал бүкіл жүйеде – 58%-дан аспайды. Жылу орасан зор көлемде жолай, яғни тасымалдау, тарату кезеңдерінде жоғалады: болжамды шығын диапазоны 18-42 пайыз аралығында. Бұған аталған барлық кезеңдердегі апаттылықтың жоғары деңгейі қосылады,

деген қорытындыға келді Азия даму банкінің мамандары.

Шұғыл ауыстыруды қажет ететін жылу, бу желілерінің жалпы ұзындығы 3 220 шақырымнан асты. Бұл бүкіл жылу құбырларының 28 пайызы.

Екібастұздағы және жалпы, жылу жүйесіндегі төтенше оқиғаларға қатысты пікір білдірген түрлі сарапшылардың тұжырымдары бір арнада тоғысқандай: ЖЭО жекеменшік иелеріне мемлекеттік бақылау күшейтілуі тиіс немесе олар мемлекетке қайтарылғаны жөн. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Ә.Смайыловқа қалалардағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне кері оралту мәселесін қарастыруды тапсырды. Себебі, ол активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансаларында апат жиі болып, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз жабдықтай алмай отыр.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, республикада 10 жылу электр орталығы – мемлекеттік, тағы 6-ауы – квазимемлекеттік компаниялардың меншігінде. Қалған 21 ЖЭО-ның бәрі, яғни басым көпшілігі – жекеменшіктің қолында.

Ашық дереккөздерден ЖЭО-лардың, яғни стратегиялық объектілердің қожайындары кім екенін, жүйені пайдаланудан кімдер пайдаға кенеліп отырғанын білуге болады.

Бір апта бұрын құрылғысы істен шығып, қазандығы жұмысын тоқтатқан «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясына тиесілі. КазТАГ жазуынша, компания Мәжілістің бұрынғы төрағасы Н.Нығматулиннің құдасы, олигарх Дінмұхамет Идрисовтың бақылауында. Қарағандының ЖЭО-сына «Караганда энергоцентр» ЖШС иелік етеді. Компанияның сайтындағы ақпаратқа жүгінсек, оның құрамына екі орталық – ЖЭО-1 және ЖЭО-3, екі ірі электр желілік компания – «Қарағанды жарық» және «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-лары, сондай-ақ 4 өткізуші компания кіреді. Оның бәрін Идрисов уысында ұстайды. Согринская ЖЭО тізгіні де соның қолында.

Петропавл ЖЭО-2-ні «СевКазЭнерго» АҚ-ы арқылы олигарх А.Клебанов бақылайды. Павлодардағы ЖЭО-2 де, Екібастұз ЖЭО-сы да соның қарауында. Дәлірек айтқанда, бұлар Орталық-Азия Электрэнергетикалық корпорациясы» («ОАЭК» АҚ) құрамына кіреді. Ал ОАЭК-тегі үлес келесідей бөлінген: 47,1% үлесті – Александр Клебанов, тағы 47,1% – олигарх Сергей Кан қанжығалаған. Ұлттық құрылтай мүшесі, экономикалық шолушы Денис Кривошеевтің мәліметінше, Клебанов Астананы жылумен жабдықтау (АстанаЭнергоСбыт) жүйесінің жұмысынан да пайда тауып отырғанға ұқсайды.

Ал Қарағанды өңіріндегі негізгі жылу жүйесі үнді олигархы Лакшми Митталдың қалтасын қампайтып отыр. «АрселорМиталл Темір­тау» АҚ иелігіндегі Қарағанды металлургиялық комбинатының ЖЭО-сы қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді жылытады. Теміртау қаласындағы ГРЭС-1 Михаил Ешуткин бақылауындағы Bassel Group LLS ЖШС меншігінде.

2016 жылғы желтоқсанда алапат апат болып, екі жұмысшы әйел тірідей жанып кеткен Рудный ЖЭО-сы ССКӨБ («ССГПО») АҚ-ына қарайды. Ол өз кезегінде олигархтар Александр Машкевич, Шухрат Ибрагимов және Патох Шодиев тең үлеске ие Eurasian Resources Group (ERG) холдингінің құрамына кіреді. Мұның сыртында ERG «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ы арқылы Павлодардағы ЖЭО-1-ді, «3-Энергоорталық» АҚ арқылы – Шымкенттегі ЖЭО-3-ті меншіктеді.

Жаңа Жетісу облысындағы Текелі қаласының ЖЭО-сын Арман Отарбаев бақылауындағы «Текелі энергокешені» ЖШС иеленген. Ақтөбе ЖЭО-сын «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ы басқарады, басшысы Ербол Рахимбердиев. Жалпы, біраз ЖЭО-ның шын қожайыны кім екені белгісіз, ашық ақпарат жоқ, саналуан зерттеуші порталдар әртүрлі олигархтардың аттарын атайды.

7 қазанда ғана Энер­гетика министрлігі «2022-2023 жылғы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде» деп сендірген болатын. Енді оның шындыққа көп жанаспайтыны белгілі болды. Енді қоғам белсенділері мен сарапшылар, тіпті Парламент депутаттары жылу, электр жүйесін осынша нашар жағдайға жеткізген олигархтарды жауапқа тартуды, ел мен мемлекетке келтірілген шығынды солардан өндіртіп алуды талап етіп жатыр. Бұл ретте Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірлердегі энергетикалық объектілерге толық техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

Алда жылумен, электрмен қамтушы нысандардың меншік иелерінің, олигархтардың жауапкершілігін арттыру үшін заңнама мен актілерге өзгерістер енгізіледі. Салада үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Ең құрыса, олигархтардың тарифтен және мемлекеттік қолдаудан түскен табыстың едәуір бөлігін шетелге жылыстатып, оффшорлар арқылы сарайларды, яхталарды, компанияларды алуға емес, энергетикалық кешенді дамытуға инвестициялауына қол жеткізілсе, соның өзі зор жетістік болмақ.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 06.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?