«Бізге қырта бермей, халықтың табысын өсіру керек болды. Басқасы бос әңгіме», деген екен әлеуметтік желіде Сәбит Рысбаев.
- Қатардағы 15 000 доллар алатын араб та жұмыртқаны 70 теңгеден алады.
- Ауылдағы айына 180 доллар алатын қазақ та жұмыртқаны 70 теңгеден алады.
Сарапшының сөзінше, халықтың табысын өсіру керек. Жағдайы бар халық мәдениетті де басқасын да жасап алады. Демократияң да 5 тиын аш адамға.
Президентті жамандай берген, ол да тамақ болмайды.
Қатарда музейге кіру шетелдіктерге 12 300 теңге шамасында екен. Жергілікті халыққа тегін. Табысымыз көп қой деп жатқан жоқ. Мынандай 400 долларлық орташа айлықпен 30 жылдан соң 250 доллар зейнетақы алатын боламыз. 2000 доллар зейнетақы алу үшін қазір бізде кемінде 3000-3500 доллар айлық болу керек.
Қазақстан бос мақтанның отаны
Боксшыларымыз олимпиададағы 7 алтыннын бәрін алып келіп, Куба сияқты жейтін нанымыз болмай отырғанның несі жақсы?
Спортшылардың сыртта Қазақстанның жалауын желбіреткеннен сенің қарнын тоймайды.
Шетелге шыққанда қайдансың дегенде Қазақстан десең Ауғанстан ба деп сұрайды.
Шетел түгілі сен Астанаға да келмеуің мүмкін. «Ойбай-ай медаль алдық, абыройымыз аспандады» деп макаронға тойып алғанның түк қажеті жоқ.
Біздің мақсат халықтың әл ауқатынын артқаны. Егер оны жасай алмасақ сондай мүмкіндік беретін елге кетейік. Заң-паң, демократия, Жаңа Қазақстан – бос сөз бәрі.
Реально бос әңгімелер. Жемқор жүйе тек жемқорларға тиімді. Демократия, блогер-слогер, қыртқан нәрсе. АҚШ-тан грант алса, ЛГБТ-ыны жақтайды, ана жақтан тиын алса, мынаны жақтайды. Дені дұрыс жұмыс жасалмайды. Бәрі бос әңгіме,
дейді пост авторы.