1 шілдеден бастап еліміздегі Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады. Оның орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылмақ. Бүгінде өңірлерде дәл осындай 207 орталық бар.
Осылайша еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтарына айналады әрі қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады.
Еңбек мобильдігі орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңы негізінде жұмыс істейді. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын жүзеге асырады.