Саясат

Халықтың жинаған ақшасы АЭС салуға жұмсалады ма?

Зейнетақы қорында 36 миллиард доллар жинақталған. Бұл халықтың 25 жыл бойы тірнектеп жинаған ақшасы.

Осы ақшаның 15 миллиард долларын АЭС-ке жаратып жіберу ұсынысы да қаржыландыру сценарийінде бар.

Бірақ үкімет халықтың наразылығынан қаймығуда. БЗЖҚ ақшасына қол салуға Ұлттық Банктің де қарсы шығатыны сөзсіз, деп жазды Dala Inside дереккөзі.

Росатом Түркияда «Аққую» АЭС-ін ВОО қаржыландыру жүйесі (Build – Own – Operate = Сал – Басқар – Жүргіз) бойынша салып жатыр. Яғни өз ақшасына салады, өздері жүргізеді, ал түріктер тек нақты бекітілген тарифпен электр энергиясын сатып алып отырады. Аққұю АЭС-і ресми түрде Ресей Федерациясының меншігі болып қала береді.

Қазір Аққұю құрылысына 15 миллиард доллар транш жіберу үшін Росатом түрлі евробондтар орналастырып, қарызға кіре бастады.

ВОО жүйесін Қазақстан да қарастырған болатын. Бірақ онда Росатомнан сатып алатын электр энергиясы тым қымбатқа түсейін деп тұр. Және Балқаш жағасындағы ең үлкен стратегиялық нысан Ресейдің қолында болады. Онда КТК құбырымен бірге «Үлкен» АЭС-ін қолға түсіретін Кремль Қазақстан билігін өз қалауынша, қуыршақ сияқты ойнатып отыруға мүмкіндік алмақ. Сондықтан ВОО-ның саяси қатері үлкен. Оны «Сол жағалау» жақсы түсінеді.

Осының бәрін ескерген Үкіметтің АЭС-ке ниеті біршама суып қалды. Қазақтың Әлиханы бір жағынан бізде сутегі өндіргісі келетін швед-неміс инвесторлар пулына да үмітпен қарап қояды. Егер олар Hyrasia зауытына жел мен күн арқылы қуат беретін технологияларды Маңғыстауда сынақтан өткізіп, оның нәтижелері біз күткеннен асып түссе, онда АЭС емес, бос даланың бәріне осындай қондырғылар қойып тастайық деген ойлар да жоқ емес.

АЭС — қазақтың бағы ма, соры ма? Оны ешкім білмейді.

Әзірге Үкімет көлік алуға ақшасы жоқ, «соны кредитке алса қалай болады екен, төлей аламыз ба?» деп ойланып отырған қарапайым отбасыға ұқсап отыр. Ал халық референдумда «АЭС-ке жол жоқ» деп дауыс берсе, қазақтың Әлиханы тіпті ренжімейтін сияқты. Керісінше Кремль алдындағы сылтаулары да қомақты болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago