Categories: Экономика

Халық VS бизнес: Қазақстан депозиттен өз рекордын жаңартты

«Керей мен Жәнібек сұлтан дәуірінен бергі қазақ халқының тарихында алғаш рет депозиттер көлемі 30 триллион теңгеден асты». Сарапшы Айбар Олжаев осындай қуанышты жаңалықпен бөлісті. Айтуынша, 2022 жылдың қортындысы бойынша депозитте жатқан жалпы ақша 30,9 триллион теңгені құраған. Осы жерде екі факторды атап қарастыру керек: депозиттің валютасы мен халық/бизнес санаты.

30,9 триллионның 21,14 триллионы теңгелей депозит. Яғни, долларизация деңгейі — 32%. Онымен бірге, халық 15,64 триллион теңге, ал бизнес (заңды тұлғалар) 15,28 триллион теңге жинаған,

дейді Айбар Олжаев.

Ел тарихында тұңғыш рет халық бизнестен көп депозит ұстап отыр, дейді сарапшы.

Мысалы, 2020 жылы жалпы депозит көлемі 21,9 триллион теңге болса, соның 10,4 триллионы халықтікі, 11,5 триллионы теңгесі бизнестікі болған еді.

Дәл сол жылы долларизация көлемі 39,3% болды. Яғни, екі жылда доллардың депозиттегі үлесі 7,3 пайызға кеміген. Демек, теңгеге деген сенім артып келеді және ставканың жоғары болуы теңгенің кірістілігін арттырды да, инвесторлардың қызығушылығын оятты.

Ал кредит ше?

Адамдар депозит көлемі өссе, кредит көлемі азаяды деп ойласа, қатты қателеседі. Соңғы 2 жылда депозит те, кредит те өскен. Мысалы, кредиттік портфель 2020 жылы 14,65 триллион теңге болса, қазір оның көлемі 26,9 триллион теңге. Бұл жерде де, халық бизнесті сәл де болса басып озып келеді. Бизнестің кредитке деген қызығушылығы төмендей бастаса, халықтың өз қарқынын көбейткенін байқаймыз. Бірақ, халық алған кредиттің 90 пайызы 500 мың теңгеге дейінгі сома.

Сонда халық кредитті көп алады, бірақ сомасы аз. Қазіргі картина осындай», — деп қорытындылады сарапшы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

10 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago