«Қазпошта» төрағасы Әсел Жанасованың айтуынша, жылдан-жылға қолмен хат жазу қызметі мен газет-журналды жазылып оқитындар азайып бара жатыр екен. Ол мұның себебін интернеттің дамуымен байланыстырып отыр. Осының әсерінен табыс азайып отыр, сондықтан жұмыс істеу формасын жетілдіру керек екенін айтады, деп хабарлайды, El.kz агенттігі.
66,5 млн данадан астам газет-журнал (ауылдық елді мекендерге 45,6 млн, қалада шамамен 21 млн бірлік). Шығын — 9,1 млрд теңге.
3,5 млн жазбаша хат-хабар (ауылдық елді мекендерге 475 мың бірлік, қалада шамамен 3 млн бірлік). Шығын — 369 млн теңге.
Шамамен 1 000 000 клиент 700 млрд теңге сомасына төлем алды. Шығын — 4,7 млрд теңге.
Ол сондай-ақ ауылдардағы бөлімшелерді ұстап тұру қаржылық жағынан салмақ салатынын айтты.
Бұл ретте әлеуметтік қызметтер көрсету үшін ауылдық бөлімшелерді ұстау – үлкен қаржылық жүктеме. Осы қызмет түрлерін қолдау үшін 2022 жылы компания 15,4 млрд теңге шығынға ұшырады. Ал шығындарды жабу бойынша субсидиялар 2,5 млрд теңгені құрады.